Облыс орталығында алғаш рет оқушыларға арналған білім беру қарқындылығы өтті. Шараға еліміздің 20 өңірінен 80 оқушы қатысты. Екі күнге созылған басқосуда мектеп парламенттерінің көшбасшылары тәжірибе алмасып, жаңа білім алды. Жоба «Көшбасшылықты қорытынды дамыту: стратегиялар мен құралдар» тақырыбында ұйымдастырылды.

Балалар тренингтер мен дебаттық турнирге қатысты. Сонымен қатар оқу семинарлары өтті. Әрбір қатысушы өз қабілетін көрсетіп, көшбасшылық дағдыларын шыңдады. Мұндай шараның мақсаты мектептердегі өзін-өзі басқару жүйесін нығайту. Себебі әр мектептің көшбасшылары педагогтармен бірлесіп, оқушылар арасында азаматтық ұстаным мен патриоттық тәрбие қалыптастыруға атсалысады.

Жәния Есенжолова, ҚР оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» директорының орынбасары

Өзара бөліскен тәжірибесін ертең барып өңірлерінде, мектептерінде сол мектеп парламенттерін жұмыстарын нығайтуға, дамытуға көптеген білім алды. Осы мектепшілік парламент тәрбие саласында үлкен көмегі бар. Балалар мектеп жасынан бастап өздерін дамытуға, өздерін жетілдіруге үйренеді. Және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға үлкен серпін береді. Сондықтан осындай шара біздің тарапымыздан жүзеге асырылып жатыр.

Қатысушылар болашақта өз мектебінде парламент жұмысына серпін беруді мақсат етеді. Бұл тәжірибе жұмыстарын күшейтіп, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін одан әрі дамытуға жол ашады.

Алина Сейітжаппар, қатысушы

Маған Павлодар қаласы өте қатты ұнады. Өте қонақжай. Осы Павлодар қаласында екі күн тренингте керекті ақпаратты алдық. Мықты, мен деген көшбасшылармен танысып, тәжірибе алмасып, қызықты болды деген ойдамын.

Айша Шілдебаева, қатысушы

Барлық 20 облыстан көшбасшылар жинау оңай емес әрине. Осы қалаға алғыс айтамын. Өйткені осындай көшбасшыларды жинап, бастарын біріктіріп, Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастырып жатыр. Бұл 20 облыстың көшбасшылары ертең өздерінің мектептеріне де барып, өздерінің арттарынан көшбасшылар ереді деген үміттемін, соған сенемін және алғыс білдіремін.

Румиса Құрбанбай, қатысушы

Екі күн бойы осындай тренинг өтіп жатқанына рахмет айтқым келеді. Павлодар қаласы суық болса да, іші жылы. Адамдары қонақжай қала екен.

Әр оқушыға қатысушы сертификаты табысталды. Енді олар өз өңірлеріне оралып, шағын деңгейде осындай шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

Сабина Жолдаспаева