Павлодар облыстық әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында әділет органдары кеңес берді. Тұрғындар түрлі сұрақтарымен мамандарға жүгінуге мүмкіндік алды. Тілшіміз жалғастырсын.

«Заң және тәртіп» қағидатын қоғам арасында іске асыру аясында азаматтарды қабылдау орталығында әділет органдарының қызметкерлері тұрғындардың сауалына онлайн және офлайн форматта жауап берді. Азаматтар заң кеңесшілері, жеке сот орындаушылары мен нотариустарға құқықтық сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Асқар Серғазинов, Павлодар облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы

Осы іс шараға Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокат, нотариус, жеке сот орынлаушы, заң кеңсшісі қатысуда. Заңгерлік көмек беру, құқықтық көмек көрсету. тұрғындардың сұрақтарына көмек көрсетуге тырысамыз.

Қабылдауға келген азаматтар алиментті өндіру, жеке сот орындаушылармен жұмыс, алаяқтықтың алдын алу тағы да басқа сұрақтармен жүгінді. Айта кетейік, Павлодар облыстық Әділет департаменті азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кездесулер, қабылдаулар, ашық есік күндерін жиі өткізеді.

Самал Қалиқызы