Биыл қолданыстағы коммуналдық тарифтер бағасының жоспарлы мерзімі бітеді. Енді келесі бес жылға арналған баға саралана бастайды. Кейбір монополиялық субъектілерден жаңа баға саясатына қатысты өтінімдер түсіп те үлгерген.
Облыста табиғи монополияларды реттеу департаментінің қарауында 52 табиғи субъекті бар. Оның 18 і ірі монополистер. Олар жалпы 83 қызмет көрсетеді. Үкіметтің қуаттылығы ірі монополиялық субъектілерге инвестициялық бағдарлама жүргізіп жатқаны белгілі. Облыста осы жоба аясында 12 млрд теңге тарифті инвестицияға айырбастау бағдарламасына жұмсалған.
2021 жылы басталған тариф бағасының бес жылдық жоспары биыл аяқталады. Сөйтіп, алдағы бес жылға жаңа баға саясаты бекітіледі. Қазіргі таңда мамандардың қолында келесі бес жылдық кезеңге арналған шекті тарифтерді бекіту бойынша сегіз өтінім келіп түскен. Алайда бағаның қалай болатыны бегісісіз. Алда бірнеше қоғамдық тыңдаулар бар.
Табиғи монополиялар субъектілерінде мәселер аз емес. Мәселен, төмен жалақы, қызмет құнының өсуі. Бұл мәселердің шешімі бағаға әсер етуі де мүмкін. Бұл келесі жылдың еншііндегі жұмыс. Әзірше жылдың аяғына дейін қазргі баға сақталады.
Жанасыл Серікбол