Мемлекет басшысы жолдауында қоғамдағы масылдық мәселесіне тоқталды. Президенттің айтуынша, әр азамат өз еңбегімен ел дамуына үлес қосуы тиіс. Ал әлеуметтік қолдау шын мәнінде мұқтаж жандарға ғана арналуы керек.
Масылдық дегеніміз – адамның өз еркімен еңбек етпей, басқалардың еңбегіне немесе мемлекеттің көмегіне тәуелді болуы. Бұл тақырып бүгінде қоғамда жиі талқыланып жүр. Бірі көмекке шынымен мұқтаж адамдар барын айтады. Ал енді бірі жұмыс істей алатын азаматтардың тек жәрдемақыға қарап отыруын құптамайды. Біз қала тұрғындарынан қоғамдағы масылдық туралы пікірлерін білдік.
Көпшілік ойы бір жерден шығады. Еңбек – адамның басты міндеті. Масылдыққа жол бермей, әркім өз еңбегімен қоғамға пайдасын тигізсе ғана ел ілгері дамиды.
Сабина Жолдаспаева