Жастар бастамаларын дамыту орталығында Еңбек күні мен жұмысшы мамандықтар жылы аясында оқу орындар көрмесі ұйымдастырылды. Облыстағы жоғары оқу орындары мен колледж өкілдері 9–11 сынып оқушыларына заманауи мамандықтар туралы айтып, білім беру бағдарламаларымен таныстырды.

Көрме оқу мекемелерінің басын бір ортаға қосты. Мамандықтарды тамашалауға облыс бойынша мыңға жуық оқушы мен студент жиналды. Мұндай кәсіби бағдар беру іс-шаралары жастар бастамаларын дамыту орталығында тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Көрмеге қатысқан аймақтың колледждері мен жетекші жоғары оқу орындары жастарға өздерінің білім беру бағдарламаларын және қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтарды ұсынды.

Әскен Байболова, колледж оқытушысы

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында осындай ауқымды шара ұйымдастырғаны үшін Жастар орталығына алғысымызды білдіреміз. Біздің колледж құрылыс саласының мамандарын даярлайды. Электромонтажшы сынды мамандықтар бар.

9–11 сынып түлектері болашақта қандай кәсіби бағытты таңдау керектігін білмей қиналатыны жасрымын емес. Шараға осы жағдайды бастан өткерген студенттер де қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Оларп мұндай көрмелердің маңыздылығын да атап өтті.

Даниил Шарапов, IV курс студенті

Мұндай іс-шаралардың көмегі көп. Себебі жоғары сынып оқушылары болашағын ойлай бастайды. Отбасын асырайтынын, қоғамға пайда әкелу керектігін түсінеді. Сондықтан біз мұндай кәсіби бағдарлау шараларын арнайы өткіземіз, оқушылар қайда барып, қандай мамандық алуға болатынын, сол мамандықтың қандай артықшылықтары бар екенін ертерек біліп жүруі тиіс.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы болашақта да осындай іс-шараларды өткізуді жалғастырмақ. Бұл оқушылардың уақытылы әрі саналы түрде мамандық таңдауына сеп болады.

Жанасыл Серікбол