Аймақ басшысы кезекті жұмыс сапары барысында Павлодар ауданына барды. Онда күзгі-жиын терім, егін жинау шараларымен танысты. Сондай-ақ, ауданда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлармен кездесті. Толығырақ тілші сюжетінде.

Қазіргі таңда Павлодар ауданында егін аумағы 95 мың 101 гектарды құрайды. Бұл өткен жылға қарағанда 8,8 пайызға артық. Майлы дақылдар 6, 8 мың гектарға, картоп аумағы 1800 гектарға ұлғайды. Шаруалар арзандатылған дизель отынымен қамтылған. Өтініш бойынша 2011 тонна бөлінді, оның қазір басым бөлігі төленген. Қосымша биыл 936 гектар суармалы жер енгізілді. Ал, 2026 жылға қарай 1500 гектарға екі жоба жүзеге аспақ. Осылайша Павлодар ауданында суармалы жер 18 мың гектарға жетеді.

авлодар ауданында астық дақылдарының 80 пайызы, көкөністердің 70 пайызы жиналды. Ал, бұл Агросоюз шаруаларының аумағы. Мында біз чипстерге арналған картоп та өсіріледі. Оның құрамында крахмал мөлшері жоғары және қант мөлшері төмен болуы керек екен. "АгроСоюз" шаруашылығында картопты жинау үшін тағы бір апта қажет, содан кейін олар сәбізмен айналысады.

Сергей Тилинин, «Агросоюз» ФҚ басшысы

Биыл бізде 570 гектар картоп, 30 гектар сәбіз, 170 гектар шалғам отырғыздық. Соңғысы сидерат ретінде пайдаланылады. Қазіргі таңда картоптың 470 гектары жиналды. Сондай-ақ, 70 гектардай чипстер жасайтын картоп. 2017 жылдан бастап Пепсико компаниясымен жұмыс жасаймыз. Онда екі сұрып бар. Оны аяз түспей жинап алуымыз керек. Ол Ньютон және VR 808. Галаны асықпай бір аптадай әлі жинаймыз.

«Агросоюз» фермерлік шаруашылығы «Пепсико» компаниясымен 7-8 жылдай жұмыс істейді. Зауыт Новосібір қаласында орналасқан. Қазір кезекті зауыт Алматыда салынып жатыр екен.

Сергей Тилинин, «Агросоюз» ФҚ басшысы

Бұл картоптың басты талабы қант нормадан аспауы керек. Бүгіннен бастап сейсенбіге дейін бізге чипстерге арналған балық картопты жинап үлгері керек. Себебі аяз күтіледі. Сонымен қатар, биыл алғаш рет Англиядан супер элиталы тұқым алып келдік, 30 гектарға отырғыздық. Оны өзіміздің шаруаларға беретін боламыз.

Ал, бұл «Смағұлов» шаруа қожалығының егін даласы.Гектарына 20 центнерге дейін өнім алады.

Қазіргі таңда агроном егін аумағын 800 гектарға ұлғайтқан. Оның 60 пайызын жинап үлгерген.

Осы ретте, облыс әкімі өңірде май өңдейтін бірнеше зауыттың салынатынын еске салды. Қалай болғанда да майлы дақылдардың далада қалмайтынын айтты.

Дидар Ибраев, Павлодар ауданының әкімі

Ауданға тартылатын инвестиция көлемі 23 млрд теңгені құрайды. 8 ай ішінде көрсеткіш 18 млрд теңгеге жетті. Жылдың соңына дейін жоспарды жүзеге асырамыз жеп отырмыз. Ең ірі жобалар – Жиелонг холдингс. Май эсктрациясының зауыты салынбақ. Қуаттылығы 120 мың тоннаны құрайды. инвестиция көлемі 4 млрд теңгені құрап отыр. 60 адам жұмыс орнымен қамтылады. Екінші Кемеңгер-Май ол да күнбағыс май өндеу зауыты. Инвестиция көлемі 2 млрд теңге. Сондай-ақ, тағы 4 инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Олардың екеуі жол бойынша қызметпен байланысты.

Жұмыс сапары барысында шаруа қожалықтарының көкөністерді сақтауы сұрағы да қаралды. Көктем уақытында яғни сәуір-маусым айларында жергілікті тұрғындарды қолжетімді жергілікті өніммен қамту мақсатында ірі шаруалармен жұмыс жүргізу керектігін айтты, облыс әкімі.

Сонымен қатар, аймақ басшысы инвесторлармен кездесті. Біздің өңірде жүзеге асқалы жатқан инвестициялық жобаларға жан жақты қолдау болатынын еске салды.

Самал Қалиқызы