Сондай-ақ облыс әкімі жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданында барды. Бүгінде ауданда 21 мың гектар алқаптан өнім жиналды. Шаруалар егін бітік шыққанын айтады. Айта кетейік биыл өлкенің егістік алқаптарының құрылымы кеңінен әртараптандырылды.

Биыл ауданда 81 000 гектар жерге өнім себілді. Әртараптандырудан кейін дәнді дақылдарға бөлінген жер былтырмен салыстырғанда 7 000 гектарға азайған. Ал майлы дақылдарға арналған алқап екі есе артып, 25 000 гектарға жетті.

Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі

Жалпы, егістік алқабы 81 мың гектарды құрайды. Жалпы көлем өскен. Дәнді дақылдарға былтыр 50 мың гектар бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 43 мың гектарға азайды. Дәнді дақылдар ішінде бидай алдыңғы орында, оның көлемі 33 мың гектарды құрайды. Өнімділікке келер болсақ, қазіргі уақытта гектарына 10,3 центнерді көрсетіп отыр. Қазіргі таңда 21 мың гектар алқап жиналды.

Актогай-Агро» серіктестігінің егістік алқабы 11 500 гектарға жуық. Мұнда дәнді және майлы дақылдардан бөлек, жүгері мен сәбіз өсіріледі. Әрине, шаруашылықтың басты бренді – картоп. Ең маңыздысы – өсірілген өнімнің барлығын сыйымдылығы 50 мың тонна болатын қоймаларға жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл қоажықтың картоп сақтайтын қоймасы.

Александр Терентьев, «Ақтогай-Агро» ЖШС-нің бас директоры

Из них 5 000 тонн холодильник. Бұл қоймалардың 5 мың тоннасы – тоңазытқыш. Маусымаралық кезең деген жоқ, сондықтан тоңазытқыштарды үнемі іске қосып ұстау қажет. Осы 5 мың тоннаның 500 тоннасы – ӘКК-нің тұрақтандыру қорына. Бұл арқылы біз сәуір-мамыр айларындағы тапшылықты жауып отырмыз.

Бұдан соң аймақ басшысы «Актогай Milk» сүт-тауар фермасына да барды. Мұнда тәулігіне 28 тонна сүт сауылады. Ферманы кеңейту жоспарланып отыр. фураждық сиырлардың саны көбейтілмек. Жұмыс сапары соңында облыс әкімі өңір ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жиын өткізді.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Көкөніс дақылдарының көлемі айтарлықтай ұлғайды. Негізгі өнім – картоп. Әрбір үшінші қазақстандықтың үстелінде павлодарлық картоп бар. Сонымен қатар, қарақұмықтың 60 пайызы біздің өңірде өсіріледі.

Қысқы-көктемгі кезеңде өнім бағасын ұстап тұру көкөніс қоймаларына 10 мың тонна картоп пен 3 мың тонна сәбіз сақтау ұсынылды. Бұл – аталған мерзімдегі өңірдің қажеттілігінің 30 пайызына тең.Қоймадан босату бағасы: картоп – 100 теңге, сәбіз – 90 теңге болып саудалану тиіс. Ал бөлшек саудада картоп 125 теңгеден, сәбіз 115 теңгеден сатылуда. Осы бастама аясында 30 шаруа қожалығының басшыларымен тиісті меморандумға қол қойылды.

Әйгерім Тоқпанқызы