Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 2025 жылдың 8 айында 1262 өтініш түсті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 25,8 пайызға өскен. Тексеру нәтижесінде тұтынушыларға 71 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Департамент басшысының орынбасары Нұрсұлу Аубакирова тұтынушылар құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда, өтініш порталын немесе 551070 нөміріне хабарласуға болатынын айтты. Өтініштер заңнамаға сәйкес 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Нұрсұлу Әубәкірова,Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары

Департамент жаңағы тексеру жүргізу үшін тұтынушылар құқық бұзушыларды көогенде бізге е өтініш порталы арқылы өтініш жолдап шағым түсіре алады.Сонымен қатар, консультация алу үшін 551070 нөміріне хабарласуы мүмкін.

Қазіргі таңда сиыр етінің бағасы өзекті. Департамент статистика және кәсіпкерлік басқармасымен бірге күнделікті мониторинг жүргізеді. Сиыр еті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіреді. Заң бойынша кәсіпкерлердің сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс.

Нұрсұлу Әубәкірова, Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары

Жалпы жаңағы көбінесе кәсіпкерлік субьектілері тексеру кезінде әлеуметтік маңызы бар тауар тізбектеріне қандай тауар енетінін білмейтіндер бар, білседе ережені сақтамауы да мүмкін.

Тұтынушылар алданған жағдайда өз құқықтарын қорғауға құқылы. Сапасыз тауар сатып алған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға немесе тұтынушылар құқығын қорғайтын ұйымға шағымданған жөн.

Дильназ Қуанышбекқызы