Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні аталып өтеді. Бұл мереке қарапайым жұмысшылардың қажырлы еңбегін дәріптеуге арналған. Осыған орай біз Павлодардағы алюминий зауытында әке жолын жалғап, еңбек әулетін қалыптастырған отбасы жайлы әңгімелейміз.

Рүстембек Ақатов – зауыттағы тәжірибелі маман. Ол металл өңдеу саласында 10 жылдан аса Еңбек етеді. Оның міндеті – металлға термиялық өңдеу жасау. Ол әрдайым жұмыс орнына ерте келіп, барлық құрал-жабдықты тексереді. Тәртіп пен мұқияттық – оның басты қағидасы.

Рүстембек Ақатов, термист

Мен Алюминий заводында 16 жыл істеп жатырмын. Бұрын газ кесуші саласында 10 жыл жұмыс істедім. Қазір енді термист болып істеймін. Термо обработка металла дейді. Жұмысым ұнайды өзіме. Еңбек ақысын жақсы төлейді. Мен негізі сағат 6 да тұрамын. Жұмысқа 6 жарымда жетемін. Жұмыс орныма барып бәрін тексеремін, қараймын.

Әкенің еңбекқорлығы қызына үлгі болды. Мадина Марденова лицейді бітірген соң, әкесінің кеңесімен зауытқа жұмысқа орналасқан. Бүгінде ол гидрометаллургия саласында аппаратшы болып істейді. Бұл мамандық та аса жауапты әрі қауіпті.

Мадина Марденова, аппарташы-гидрометаллург

9 жыл бұрын лицей бітіріп, қазір аппаратчик гидрометаллург саласында жұмыс жасаймын. Негізі менің жұмысым өте қауіпті, жауапты және қызықты. Лицейді бітіргенде практикаға бардық осы заводқа. Содан кейін бұл саланы көріп, маған қатты ұнады. Жұмыс процессін қарау, оның бір саны болу өте қызықты болды.

Мадина алғаш зауытқа студенттік тәжірибе кезінде келген. Жұмыс барысын көру оған қатты әсер етті. Содан бері осы мамандықты өмірлік жолы деп таңдаған. Мадина бүгінде төрт баланың анасы. Ол да өз балаларының еңбекқор болып өскенін қалайды.

Адина Марденова, аппаратшы-гидрометаллург

Менің әкем айтқандай біздің жұмысымыз таңнан басталады. Сағат 6-да тұрып барамыз. Әкем кезінде айтқан заводқа бар, ол жерде тұрақтылық бар, далада қалмайсын деген. Расында да өте тұрақты. Әрдайым бізді завод қолдайды. Әртүрлі награда береді.

Рүстембек Ақатов, термист

Мен қызыма айтқам бұл мамандығымыз өте жақсы. Жұмысы кішкене қиын, бірақ абайлап жұмыс істеу керек. Техникалық қауіпсіздік керек. Сол үшін кеңес береміз жастарға заводқа барсын, мамандық өте жақсы.

ке мен қыздың ерен еңбегі еленбей қалған жоқ. Рүстембек Ақатов – ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері. Ал қызы Мадина Марденова «Еңбек озаты» медалімен марапатталған. Еңбек әулеті – ұрпаққа үлгі. Әке жолын жалғаған қыздың таңдауы отбасындағы дәстүрді жалғастырып қана қоймай, жастарға да өнеге болып отыр.

Сабина Жолдаспаева