Павлодарлық жедел-жәрдем станциясының мамандары бейнежетондармен қамтамасыз етілді. Бұл пациенттердің жағдайын нақты анықтау және медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамту мақсатында жасалып отыр.
2025 жылдың бірінші тамызынан бастап Павлодардағы жедел жәрдем бригадалары видеожетондармен қамтылды. Негізгі мақсат фельдшлердің қызметкеттік жауапкершілігін арттырумен қатар, медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Себебі, жыл басынан өңірде жедел жәрдем бригадасының мамандарына қол көтеру, балағаттаудың 2 жағдайы тіркелген.
Ирина Мищенко, «103» облыстық станциясы бас дәрігерінің орынбасары
Соңғы бір жарым ай ішінде пациенттердің агрессивті болуының жағдайы тіркелмеді. Науқасқа барған кезде мамандар аудио, видео жазбаның жүргізіліп жатқанын айтады. Науқастар видеожазбаны рұқсат етпеген жағдайы тіркелді. Бұған қарамастан аудиожазба жүргізіледі. Азаматтарға айтарымыз, сырқаттанушыны қарап жатқан кезде, элекрокардиограмма істеген кезде немесе денесін ашып тексерген кезде бейне жазба жүрмейді, аудио ғана жүреді.
Барлық жазбалар облакоға жіберіледі. Жиналған бейнелер мен аудио жазбалар көпшілікке қолжетімсіз. Яғни әлеуметтік желі деген сияқтық жерлерге таратылмайды. Ресми өтініш ретінде ғана сақталған жазбалар прокуратура, адвокатура деген сияқты ресми органдарға жіберіле алады.
Ирина Мищенко, «103» облыстық станциясы бас дәрігерінің орынбасары
Мысалы бригада қоңырауға келеді. Амандасып, ауырған пациент жатқан жерге барады. Науқасты қарайды, тексереді. Сұрағын қояды. Ал, денесін ашып белгілі бір аумақты көрсету керек болса, онда видео жетон өшіріледі.
Апаттық, реанимациялық қоңыраулар, конфликтілі жағдайлары жазылған жазбалар ұзақ уақытқа дейін сақталады. Себебі құқыққорғау саласынан кез келген уақытта өтініш келуі мүмкін. Бұл қандай да бір жағдайды растауға мүмкіндік береді.
Самал Қалиқызы