Павлодар жұртшылығы белгілі театр актері, өмірде де өнерде де жасындай жарқ етіп өткен асыл перзент Бекболат Оқасовты еске алды. Ол қысқа ғана ғұмырында сахна саңлағы атанып, бірегей образдарды сомдады. Қазақ театры тарихында өз қолтаңбасын қалдырды.

Бекболат Оқасов 1975 - жылы Ақтоғай ауданы, Шұға ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Лашын еді. Алматы қаласында Темірбек Жүргенов атындғы өнер академиясын тәмамдап Ғ. Мүсірепов атындағы жастар театрында еңбек жолын бастаған. Кейін туған жерге оралып, облыстық қазақ театрының сахнасын жандандырды.

Жалынды актердің жастай өмірден өтуі баршасын қайғығы батырғаны рас. Алайда, ұмытпаған елі бар. Ұмыттырмайтын жолы бар.

Айбол Шәкіржанов, Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актері, бекболат оқасовтың курстасы

Біздің Нұрғанат ағайымыз Бекболатты оқуға қабылғана кезде: «Мен Павлодарда керемет жігітті тауып келдім, бой десе бойы, түр десе түрі бар. Дауысы керемет, домбырамен де ән айтады. Сол жігіт сенімімді ақтайды» деп айтқан. Мен ойлаймын Бекболат ағайымыздың сенімін ақтады. Әлі де ақтар еді. Тек өмірі қысқа болып қалды

Гүлмира Жакилина, Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актері, бекболат оқасовтың курстасы

Бекболатпен бірге оқыдық 4 жыл. Керемет нағыз ер еді. Керемет актер еді. Әрине, өкінішті өмсірден ерте кеткен. Бірақ, артына мұра қалдырды

Ол өнер жолында «Шыңғыс хан», «Малайсары батыр», «Арқалық батыр», «Міржақып» сияқты ірі тарихи тұлғаларды да, қарапайым адамдар оброзын да қатар сомдам, көрермен қауымды тәнті етті. Жұмат Шаниннің 125 жылдығына арналған Халықаралық театр фестивалінде Жұмат Шанинн атындағы арнайы номинациямен, Жезқазған қаласында өткен Жанат Хаджиев атындағы Республикалық фестивалде «Ең үздік ер адамның ролі» номинациясымен марапатталған.

Нартай Сауданбекұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Бекболат Оқасовтың досы

Өмір жалған деген сол ғой. әҚанаты бүтін сұңқар болмайды, тұяғы бүтін тұлпар болмайды» дейді. Сондай жақсы сал, сері азаматтар ерте кетіп қалып жатады. Сол біздің жүегімізді жылатады. Ертіс-Баян елі өзінің ерін ұмытпаса екен. Тілегіміз, өтінішіміз сол.

2018 жылдың көктемінде дарынды актер өмірден өтті. Өнердегі еңбегі кейінгіге өнеге болып қалды.

Жанасыл Серікбол