Бүгін облыс орталығында «Ауыл спорт-2025» ауыл балалары арасында аймақтық турнир басталды. Жасөспірімдер жеті спорт түрінен чемпиондыққа таласады. Аймақтық кезеңнен өткен қатысушылар республикалық мәреде өнер көрсетеді. Волейбол турнирі бүгін Автомобилист» спорт кешенінде ұйымдастырылды.

Бұл, ойынның қызған сәті. Алаңда Успен және Павлодар аудандарының командалары тартысты ойнап тұр. 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер дайындықпен келгені байқалады. Есе жібермей есепті тең ұстап ойнады. Бүгін өтіп жатқан сайыста мықты командалар бақ сынайды.

Алтыншаш Келмағамбет, бас хатшы

Ең мықты деген Баянауыл ауданы, Тереңкөл, Солнечный поселок. Бүгін ашылу салтанаты өтті. 3 күн ойындар өтеді. Ең мықты командалар жеңіске жетсін. Жыл сайын өтетін шара. Ең бірінші ересектер арасында болды. Енді балалар арасында.

Бұдан кейін Баянауыл командасы Успен ауданымен кездесті. Былтыр волейбол ойындарында Баянауыл құрамасы Алматыда өткен республикалық финалға өтіп, өңір намысын қорғап келген. Биыл да көштен қалмай, жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімді. Мүслім Амантай Шапық Шөкин атындағы Баянауыл мектебінің 8сыныбына оқиды. Волейболға 3-ші сыныптан қатысады.

Мүслім Амантай, қатысушы (Баянауыл ауданы)

Мен волейболға 3 жыл қатысамын. Біз ауыл спортқа жетуге және республикаға шығуға келдік. Және біздің команда мықты деп саналады.

Еламан Асқар, қатысушы (Баянауыл ауданы)

Волейболға 6 жыл қатысамын. Мақсат Канафия Арғынұлы және мен Павлодар құрама командасында былтыр 1 орын алдым. Республикада. Былтыр осы жарыста біз бірінші орын алып, Алматыға жолдама алғанбыз. Биыл бірінші орын аламыз деп үміттемін.

Биыл іріктеу үстел теннисі, еркін күрес, бокс, шахмат, баскетбол және волейбол секілді алты спорт түрінен өтеді. Одан өткен спортшылар қараша айында Алматы қаласында өтетін республикалық финалда аймақ намысын қорғайды.

Әйгерім Тоқпанқызы