Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада белгілі жазушы, сатирик, журналист, публицист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Ғалымбек Жұматовтың жаңа кітабының тұсаукесері өтті. «Ленинград: От пен мұз» деп аталатын туынды Отан соғысына қатысқан екі азаматтың тағдырына негізделген.
Кітапта жазушының әкесі Сағымбай Жұматов пен ағасы Нығмет Жұматовтың өмір жолы баяндалады. Сағымбай Жұматов Ленинградты қорғау үшін майдан даласына аттанып, ауыр жарақатпен елге оралған. Ал ағасы Нығмет Жұматов жау шебін бұзу кезінде ерлікпен қаза тапқан. Жазушы осы екі кейіпкердің тағдырын кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде көркем тілмен жеткізген. Бүгін бұл кітаптың тұсауы кесілді.
Ғалымбек Жұматов, кітап авторы
Бұл кітаптың жазылуы шынында, бала кезімізден көптен бері басымызда жиналған, деректердің бәрі жүрген. Шіркін осындай бір қаптап жазсақ деген ойдың түйіні, осындай деңгейге жетті. Қаншама жыл бойы осы деректерді, фактілерді жинап, тердік. Қаншама жетістіктерді көрдік.
Романда майдан даласындағы қиындықтар, жауынгерлердің ерлігі, ұрыс тактикасы мен адам тағдыры кеңінен суреттеледі. Автор шығарманың негізін архив құжаттары, отбасылық естеліктер және тарихи деректерге сүйеніп жазған. Шараға облыстық мәслихат төрағасы, өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты. Қонақтар жаңа туындының тарихи маңызын атап өтіп, авторға шығармашылық табыс тіледі.
Сайлау Байбосын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі
Бұл жүз мәрте жазылған тақырып қой. Кинофильмдер де бар, кітаптар да бар. Деректілер үйлері бар. Ғалымбек ағамыз міне бүгін осы кітап біздің Ертіс өңірінен шығып, сол соғысқа қатысып, олардың сіңірген еңбегі жөнінде шығар деп ойлаймын. Кітапты оқып көрмесем де, сезіп отырмын. Сондықтан, құтты болсын. Қазақ айтады ғой, кемедегенің жаны бір дейді. Біз енді осы жақта қалам ұстап, аға-іні болып жүргеннен кейін біз қашанда сізге тілектеспіз қай-қайсымыз болсын, бір-бірімізге қуанамыз кітап шығып жатса.
«Ленинград: От пен мұз» романы өңір оқырмандарына ұсынылды. Жерлестерінің ерлігін арқау еткен шығарма соғыс тақырыбындағы маңызды еңбектердің бірі.
Сабина Жолдаспаева