Өңірге жұмыс сапарымен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келді. Елордалық мейман өңір шаруаларымен кездесіп, Егін ору науқаны жүріп жатқан тұста ауыл шаруашылығын дамыту және оған көрсетілетін мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылады. Толығырақ кездесуге қатысып қайтқан тілшіміз Әйгерім Тоқпанқызының әңгімесінде.
Биыл біздің өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау алқабы 1 млн 445 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 78 мың гектарға артты. Атап айтқанда, майлы дақылдар 43 пайызға, картоп — 25 пайызға, ал көкөніс пен бақша дақылдарының көлемі 15 пайызға ұлғайған. Бұл өзгерістер егістік құрылымын әртараптандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы тиімді қадам. Жиын барысында өңір басшысы инвестиция құйылып жатқанын жеткізді. Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерге жету үшін облыс агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тартуды белсенді түрде жүріп жатыр. Егіс алқаптарын әртараптандыру жүргізіліп, су үнемдейтін технологиялар енгізілді. Биыл 8 айының ішінде салаға 124,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Майлы дақылдардың алқабы 43 пайызға ұлғайса, картоп өндірісі рекордтық көрсеткішке – 937 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық. Қазір дәнді және көкөніс дақылдарын жинау жұмыстары аяқталуға жақын.
Мемлекеттік қолдау жан жақты көрсетілуде. Биыл дала жұмыстарына жалпы сомасы 55 млрд теңгені құрайтын 674 несие берілді. Оның ішінде «Кең Дала» бағдарламасы аясында «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 17 млрд теңгеге 102 несие, ал «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 22 млрд теңгеге 302 ауыл шаруашылығы өндірушісі қаржыландырылды. Жыл басынан өңір диқандары 720 бірлік жаңа техника сатып алынған. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы дақылдары 820 мың гектар алқаптан жиналды, оның ішінде дәнді дақылдар – 695 мың гектардан бастырылды. Өңір шаруалары министрге суармалы алқаптарды кеңейту үшін төмен пайызда несие ала алмай отырғанын жеткізді.
Арман Алекпаров, шаруа қожалық иесі
Биыл ирригациялық жобалардың бірде-бірі Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қолдау тапқан жоқ. Қазіргі таңда бізге 12,6 пайыздық мөлшерлемемен, 100 пайыз кепілмен несиелеу ұсынылды. «Аграрлық несие корпорациясы» — бұл қаржы ұйымы, ал министрліктің нақты қолдауы қажет. Біз Ауыл шаруашылығы министрлігіне де, Су ресурстары министрлігіне де ресми хатпен жүгіндік. Екі тараптан да ирригациялық жобалар дәл осы суару бағытында ғана қолдау табатыны туралы жауап алдық. Сондықтан біздің ұсынысымыз — осы жобаларды мемлекеттік деңгейде қолдау. Биыл ауа райы қолайлы болды, алайда 2023 жылы өңірде жағдай күрделі болғаны белгілі. Суармалы алқаптарды кеңейту керек. Бұл мәселені реттеп берсеңіз. Несие төмен пайызбен берілсе.
Айдарбек Сапаров, ҚР ауыл шаруашылығы министрі
Бастапқыда суару жобалары үшін 2,5 пайыздық мөлшерлемемен несие және 80 пайыз субсидия қарастырылған болатын. Алайда қазіргі жағдайда шешім қабылданып, қаржыландыру «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 12,6 пайызбен жүзеге асырылатын болды. 80 пайызға дейінгі субсидияны Қаржы министрлігі арқылы, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып алуға болады. Сіздер күту тізіміне енгізілесіздер және кем дегенде 50 пайыз мөлшерінде қолдауға ие боласыздар. Сол себепті суару жобалары үшін 2,5 пайызбен несие беру қарастырылмайды.
Бұдан кейін министр журналистердің сұрағына жауап берді. Жалпы біздің өңірде биыл өнім мол шығып, мемлекеттік бағдарламалар орындалып жатқанын айтты.
Айдарбек Сапаров, ҚР ауыл шаруашылығы министрі
Бүгінгі күні Павлодар облысын айтатын болсақ біраз мәселелер шешілген бұл жерде. Қаржыландыру мәселесі жоғары деңгейде өтті. Шаруашылықтар бүгінде жақсы өнім алып жатыр. 80 пайыз облыс өнім жинады. Бұл жұмыс жалғасады. Картоп мәселесі айтылды. Қазір экспортқа шығып жатыр. Бүгінгі күні сертификаттарын беріп жатырмыз. 100 теңге. Өздеріңіз білесіз картоп қымбаттап кеткен картоптың өзін облыс 1 млн шығарып отыр. минист торгова қазірден бастап контаркқа отырыңыздар қазірден бастап алыңыздар деген сияқты.
Бұдан кейін қазір өзекті болып отырған ет бағасына қатысты да түсініктеме берді. Қазір елімізде баға тұрақты.
Айдарбек Сапаров, ҚР ауыл шаруашылығы министрі
Ет мәселесі шешіліп жатыр. Ет жетеді нарфықта. Баға шағын көтерілді. 3200 ,3500 оптом шарушалықытар әрмен қарай сататын маагизенге байланысты. Қанша қосады баға пайызы. Олар 15 пайыздан қоспау керек. Ары кетсе бағасы 4200 маңайында болу керек. Кейбір магазиндерге может бар шығар. Министерство департамент жұмыс жасап жатыр.
Сыртқы нарықтан сұраныс артқанда, ішкі нарықта да қозғалыс пайда болады. Бұл — нарық заңы, деді министр. Қазіргі таңда Қазақстанда ет бағасы көршілес елдермен салыстырғанда біршама төмен. Мысалы, Өзбекстанда еттің бір келісі 6 500 – 7 000 теңге шамасында, ал біздің елде бұл көрсеткіш әлі де төмен деңгейде сақталып отыр деп түйіндеді.
Әйгерім Тоқпанқызы