Өткен демалыс күні өңірде бірнеше жол көлік оқиғасы орын алды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратынша ереже бұзып, тәртіп бұзған азаматтар болды. Бірі алкоголь ішіп рольге отырса енді бірі, «тоқта» белгісін елемей жолды кесіп өткен.
Мына жедел түсірілімде облыс орталығында генерал Бәкіров көшесінде Субары маркалы автокөлікті тізгіндеген жүргізушісі «тоқта» жол белгісінен өтіп, жол ережесін бұзған. Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін құқық бұзушыға қатысты материал толтырылды. Айта кетейік жыл басынан 10 мыңға жуық жүргізуші жол ережесін бұзып айыппұл арқалаған.
Әйгерім Тоқпанқызы