Павлодар облысының аудандарында біртіндеп отбасын қолдау орталықтары ашылып жатыр. Жұмысты бір жүйеге салу мақсатында орталық өкілдері оқыту семинар тренингі ұйымдастырды. Онда бұл салада енгізіліп жатқан өзгерістер түсіндірілді.
Павлодар қаласында қаңтар айында отбасын қолдау орталығы ашылды. Осы уақыт ішінде мамандар әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсетіп, қолдауда маңыздылығын көрсетіп үлгерді. Сол себепті, өңірдің аудандарда аталған орталық құлу жұмысы қолға алынды. Осы ретте бұл нысандарда еңбек ететін мамандар үшін Павлодар қаласында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Абзал Өміржанов, Шарбақты ауданы отбасын қолдау орталығының директоры
Иә, бұндай семинарлар өте маңызды. Себебі әрбір семинарда оны талқылап, қосымша білім аламыз. Себебі біздің орталығымыз биыл ашылып жатыр, тәжірибесімен бізбен бөліседі.
Біздің елде ауыр жағдайға тап болған отбасыларды анықтау, олармен жұмыс жүргізу мақсатында «FSm social» қосымшасы жұмыс жасайды. Онда әртүрлі негіздер, яғни мобильді топтардан отбасы туралы ақпарат жиналады. Нейрожелілер мен жасанды интелект арқылы ақпараттар сараптамадан өтеді. Енді аудандарда жаңа ашылып жатқан орталықтарға осы қосымшамен жұмыс істеу барысы түсіндірілді.
Гүлнар Нұржанова, Павлодар қаласы отбасын қолдау орталығының директоры
Бүгінгі біздің семинардың мақсаты отбасын қолдау орталықтарына жаңа қосымшаның жұмысын көрсету. Осында сигнал береді, сол қосымшадан білінеді. Біз жұмысымызды соған қарап жасаймыз. Сол арқылы мобильді топқа сигнал беріледі.
Семинар тренингте өңірлік балалар құқықтарын қорғау уәкілі Сәуле Шәкенева және әлеуметтік осал топтағы азаматтардың құқығын қорғау уәкілі Серік Жартыбаев спикер болды. Орталық өкілдеріне отбасылармен тығыз жұмыс жүргізудің тетіктерін түсіндірілді.
Самал Қалиқызы