5 - қазан күні «Шарбақты – Сосновая» автожолының бойында жол апаты болды. Орловка ауылынан шамамен 3 шақырым қашықтықта, Toyota Mark II маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік жол жиегіне аударылып кеткен.
Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға салдарынан жүргізуші қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында толығырақ анықталмақ. Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылау қажеттігін еске салады.
Ж.С