Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының сахнасында рух пен дәстүр үндескен ерекше кеш өтті. «Самға, өнерлі ұрпақ!» атты концерт Иса ақынның 125 жылдық мерейтойына арналды. Кештің басты өзегі – өткен мен бүгінді жалғайтын өнер мұрагерлігі болды.
Кеш шымылдығын Рүстембек Омаров атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі ашты. Сазды сәлемі – жүрекке, үні – көкірекке жетіп, көрерменді ерекше әсерге бөледі.
Амангелды Қожанов, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармония басшысы
Бүгін жасөсаірімдер, жас балалар біздің халық аспап оркестірмен бірелесіп үлкен өнер көрсетеді. Өнерге жастарды баулу және жоддарын ашу мын акәсіби музыканттармен бірге жұмыс жасау негізігі мәселе. Одан бөлек бізде 3 мереке. Ұстаздар күні,қарттар күні, ақсақалдар бата береді.Сондықтан осындай үлкен іс-шара өткізгелі отырмыз.
Бір қызығы сахна төрінде тек кәсіби музыканттар ғана емес, олардың балалары да өнер көосетті. Ата-ана мен бала қатар отырып, қобыз бен домбыраның үні арқылы сыр шертіп, тыңдарманның жүрегіне жол тапты.
Раушан Нағышпаева, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармония әртісі
бүгін бізде өте керемет мереке 84 маусым болып жатыр.Мен үшін қызыммен бірге бір концертте өнер көрсету үлкен мәртебе. Қызымызды біз үлкен сахнадан көргіміз келеді.Мыңда бір рақмет оркестірдің ұмысдастырылуымен, филормонияның басшылығығфна мыңда бір алғыс.
Кеш барысында Иса Байзақовтың әндері мен жырлары орындалып, рухты жаңғыртқан күйлер шырқалды. Әрбір нота, әрбір сөз – өткенге тағзым, болашаққа аманат іспетті.Ақ батасын арнаған қариялар, баласының өнеріне риза болған ата-аналар – бәрі де осы кештің ерекше жылуын арттырды.
Дильназ Қуанышбекқызы