Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл. Осыған орай және Қарттар күнінінің құрметіне ардагерлермен кездесу шарасы өтті. Онда Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері еңбек жолдарымен, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Алдымен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсия жүргізілді. Онда құтқару операцияларына арналған заманауи арнайы техника мен жабдықтар көрсетілді. Сондай-ақ, саланың даму кезеңдерін көрсететін көрме ұсынылды. Өрт сөндіру бөлімінің алғашқы әйел бастығы Қорлан Кишен де қонақ болды. Ардагерлер қызмет жылдарындағы естеліктермен бөлісіп, жас буынды елшіл болуға, мамандықтарына адал болуға шақырды.

Сондай-ақ, ардагерлерге салтанатты түрде мерейтойлық төсбелгілер табысталды. Жас қызметкерлер аға буынға амандық тілеп, алғыс айтты. Олар салған сара жолды абыроймен жалғайтындықтарын жеткізді.

Ж. С