Сондай-ақ, ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай, қаланың түрлі жастағы тұрғындары өз мұғалімдеріне деген алғыс пен ықыласын білдірді. Осы мақсатта ашық микрофон ұйымдастырылып, азаматтар жүрекжарды құттықтауларын жолдады.
Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, адамды тәрбиелейтін, өмірге бағыт-бағдар көрсететін тұлға. Сондықтан тұрғындар бұл күнді ерекше құрметтейді. Ашық микрофон барысында ата-аналар мен мектеп түлектері мұғалімдеріне жүрекжарды тілектерін жолдады.
Тұрғындардың көпшілігі бұл мерекені ұстаздарға деген құрмет пен ризашылықты жеткізудің тамаша мүмкіндігі деп санайды. Осылайша шаһар азаматтары өзіне білім нәрін сусындатқан мұғалімдерін еске алды.
Сабина Жолдаспаева