Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер музейінде халқымыздың дарынды перзенті, белгілі сазгер әрі «Үкілі домбыра» байқауының жеңімпазы Шәкен Рақышевты еске алу кеші өтті. «Өнегелі өмір» деп аталған шара композитордың шығармашылығы мен өмір жолына арналды. Кешке оның көзін көрген әріптестері, шәкірттері және жергілікті өнер сүйер қауым жиналды.
Кештің мақсаты ұлттық өнерге елеулі үлес қосқан Шәкен Рақышевтың есімін ұрпаққа таныту. Ол кісі өнер жолында талай қиындық көрсе де, домбырасын тастамай, өмірін музыкаға арнаған тұлға. Артында көптеген шәкірт тәрбиелеп, өнерге адалдықтың үлгісін көрсетті.
Ерлан Рахимов, Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музейінің директоры
Ол кісі артында көптеген әндерін, күйлерін қалдырды. Оның біразы біздің Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияда репертуарында бар. Біздің жергілікті әншілеріміздің репертуарында бар. Сол әндерін ол кісінің әрі қарай насихаттау. Бүгінгі кештен күтетініміз ол кісінің өмірбаянын насихаттаудың басын бастап, халыққа жария ету. Ол кісінің қолжазбасы менің өзімде сақталған. Қолжазбада бала кезінен бастап көрген қиыншылықтарын, кансерваториядағы оқуында, әскер қатарында көрген, жалпы өмірінде көрген қиыншылықтарының барлығы сол қолжазбада жазылған. Оны өңдеп, жариялап, шығарамыз ба деп отырмыз.
Кешке қатысушылар әйгілі жерлесіміз туралы естеліктер айтты. Ол кісінің дауысы ерекше, жасынан-ақ өнерге бейім болған. 9 жасында белгілі музыкант Рүстембек Омаров оны байқап, Алматыға алып барып, ән айтқызған екен. Сол сәттен бастап өнер жолына біржола бет бұрған. Қанша қиындық көрсе де, мойымаған.
Асан Әбдікәрімұлы, Р.Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің әртісі
Мен ол кісіні 2009 жылы көргем. Сол жылы ол осы жаққа келіп, екі ортада Астанаға көшіп кетіп, Астанада музыкамен айналысқан екен. Үлкен оркестрде қызмет еткен. Сол кісі жайлы Астанада үлкен мерекелік шара өткен, шығармашылығы туралы. Және Кереку деген кітап шығарып берген, композиторлары. Ол кісі тек композитор емес, ол кісі домбыра жасаушы. Қазақтың ұлттық аспатарын барлық түрлерін өз қолымен жасаған. Мен бір жылдары сол кісінің ағаштан жасаған аспаптарын жетіген, сазсырнай, шертер деген аспатарын мен өз қолыммен ойнағам.
Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер музейінде Шәкен Рақышевтың шығармашылығына арналған арнайы бұрыш бар. Мұнда оның фотосуреттері, қолжазбалары қойылған. Музей қызметкерлері келушілерге оның өмір жолын тұрақты түрде таныстырады.
Сабина Жолдаспаева