Енді студенттер заң клиникасы аясында азаматтарға құқықтық кеңес беріп, құжаттарын рәсімдеуге көмек ұсынатын болады. Бұл жоғары оқу орын мен Павлодар облыстық әділет департаменті арасындағы меморандум аясында қолжетімді.
Қазіргі таңда еліміз бойынша заң клиникалары ашылып жатыр. Бұл білікті заң көмегін қажет ететін жеке тұлғаларға заңгерлік көмекпен қатар студенттерді құқықтану саласындағы практикалық кәсіптік дағдыларға үйрететін жоба. Осы ретте Павлодар қаласындағы Торайғыров университеті облыстық әділет департаменті, Адвокаттар коллегиясы, Заң кеңесшілерінің палатасы, Нотариалдық палата, сот сарапшылар институты, Жеке сот орындаушылар палатасымен өзара серіктестік меморандумына қол қойды.
Маржан Имятова, Павлодар облысы әділет департаментінің басшысы
Бұл жерде айта кету керек заң клиникалары, студенттер, тәжірибеден өтушілер білімдерін практикада көрсету үшін жасалып жатыр. Бұл шараның мақсаты азаматтарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық сауаттылығын арттыру. Заң клиникалары аясында студенттер сотқа қатыспайды. Себебі студенттер сотқа қатысып, сотта азаматтардың өкілі ретінде бола алмайды.
Заң клиникасы теория мен практиканың ұштасқан жері. Яғни студенттер заң клиникасы аясында тұрғындарға құқықтық бағытта құжаттарды рәсімдеуге көмек ұсынып, кеңес бере алады. Универсетте кесте құрылады, оның негізінде айына екі рет студенттер азаматтарды қабылдайды.
Самал Қалиқызы