Ұрпақ тәрбиелеу – ұлы іс. Ал бұл жауапты жолды бүкіл әулетімен таңдаған жандар – қоғамның нағыз арқа сүйер тұлғалары. Ұстаз болу – олар үшін тек мамандық емес, өмір салты. Бүгінгі сюжетімізде біз ұлағатты ұстаздар әулеті туралы әңгімелемекпіз.
Темірлан Шалхыманов – Ж.Тәшенев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің жас маманы. Ол – бірнеше буын ұстаздар әулетінің өкілі. Анасы, нағашы атасы және оның балалары да мұғалім болған. Ұстаздық – Темірлан үшін отбасының бұлжымас дәстүріне айналған жол.
Темірлан Шалхыманов, Ж.Тәшенев атындағы ЖОББ мектебінің информатика пәні мұғалімі
Осы жолға келгенім анам мұғалім.Нағашы атам 40 жыл мұғалім, тыл ардагері оның балалары мұғалім болған.Сондықтан бізде мұғалім жолғын акелдік осылай. Осы мектепте мен жас маманмын.2 жыл болды келгеніме. Өзім колледжде оқығанмын болашақ әйелмен сол практика өтіп жүріп тастық, міне осыдан 1 ай бұрын екеуміз отау құрған болатынбыз.
Темірланның жүрегі мен арманы жас ұрпаққа сапалы білім беру. Ал оның сүйіктісі, жұбайы Жанель де ұстаз болуды бала күнінен армандаған.
Жанеля Бауыржанқызы, дарынды балаларға арналған абай атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бала күнімнен бері келе жатқан мамандықтардың бірі ұстаздық қызмет. Үйі ішімізде барлығы ұстаздар. Сондықтан осы мамандықты таңдау маған қиын болмады. Осы ұстаздық жолға келуімің бірден бір себебі мектептегі ұстазым Дариға Құндашева.Сол кісінің қолдауымен қазіргі таңда қазақ тілі пәнінің мұғалімі қызметін атқарып жатырмын.
Жас ұстаздардың үйінде білім мен махаббат қатар өріліп жатыр. Информатика мен қазақ тілі – бір-бірін тамаша толықтыратын екі білім әлемі. Бір-біріне қолдау көрсетіп, қиындықтарда арқа сүйер серік болған олар ұстаздық отбасын жалғастыруда.
Жанеля Бауыржанқызы, дарынды балаларға арналған абай атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Біз екеумізде мұғалім болғандықтан бір-бірімізді ұғыну қиын болған жоқ. Ол информатика пәні мен қазақ тілі мұғалімі болып бір-бірімізді толықтырамыз деп ойлаймын.Қазақ тілінен көмек керек болған жағдай мекн .ал технология жағынан маған көмек қажет болғанда ол кісі маған өз қол үшін береді.
Олардың басты мақсаты еліміздің болашағы жас ұрпаққа сапалы білім беру. Ұстаздар әулетін жалғастырып келе жатқан бұл жас отбасы өскелең ұрпаққа үлгі боларлық нағыз өнегелі жанұя.
Дильназ Қуанышбекқызы