«Тізейін өлеңімді меруерттей...». Дәл осындай атаумен Иса Байзақовтың туған күнінде әдеби-музыкалық кеш өтті. Айта кетейік, биыл қазақтың көрнекті ақыны, әнші-сазгердің туғанына 125 жыл толды. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.
Шара ақынның рухына тағзым етіп, оның шығармашылығын ұлықтауға арналды. Кеш барысында Иса Байзақовтың өмір жолы мен әдеби мұрасы кеңінен насихатталды.Шараны тамашалауға ұстаздар мен мектеп оқушылары жиналды
Камат Абдернасирова, Естай атындағы мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі
Бұл ғұлама ғылым, қоғам қайраткері, еліміздің мәдени, ғылыми дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтың ерен еңбегін еске алатын күн. Бұл маңызды шараны біздің қалам әкімдігі және мәдениет,тілдерді дамыту бөлімінің қоладуымен ұйымдастырып отырмыз. Осындай серпінді күш беріп, ұлтымыздың ұлы тұлғаларын дәріптиеуге, олардың мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға тырысамыз. Иса Байзақовтың өмірі мен еңбегі жас ұрпаққа үлгі боп, болашаққа бағдар беретіні сөзсіз деп санаймыз
Сондай-ақ, қатысушы өнерпаздар ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, көрермен жүрегінен орын алды. Олар ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін ерекше атап өтіп, Исаның ұлттық рухты жырлаған жалынды жырлары ұрпақ санасында мәңгі сақталатынын жеткізді.
Ақнұр Айтбай, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 6-сынып оқушысы
Иса Байзақов атамыздың 125 жылдығына арналған ән-сазды кешіне келдім. Бүгін мен Майраның әні «Майраны» айтатын боламын. Майраның 135 жылдығына ран,лған шығармашылық кеш және кітапхнада «Кітапхана түні» деген іс-шара болды,сол жерде де Иса Байзақовтың 125 жылдығын тойлады
КСМ: Кештің мақсаты – Иса Байзақовтың шығармашылығын кеңінен насихаттап, жас ұрпақты ұлт өнерін сүюге, әдеби мұраны құрметтеуге тәрбиелеу.Рухани кеш көрермендерге зор әсер сыйлап, әдебиет пен өнердің киелі әлеміне терең бойлатты.
Қымбат Садық