Биыл Павлодар облысына тартылатын инвестиция көлемін 1 триллион теңгеден асыру жоспарланып отыр. Оның 90 пайызы жеке сектордан болмақ. Бүгін облыс әкімі Асйын Байхановтың қатысуымен өңірдің инвестициялық жай-күйі талқыланды. Ірі кәсіпорындар жоспарларын баяндап, жобаларын таныстырды. Салаға тиесілі бірқатар мәселелер талқыланды.

Жиында алдымен Павлодар облысы әкімінің ивестицияға жауапты орынбасары Әйгерім Қабылтаева сөз алды. Облыстың инвестициялық жоспарын таныстырды. Өңдеу өнеркәсібі, энергетика, көмір, химия сияқты салалардың әлеуеті зор. Жалпы құны 7 трлн теңгеден асатын 100 ден астам жоба бар.

Әйгерім Қабылтаева, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Оның ішінде Екібастұз қаласында ашылатын 3 ферроқорытпа зауытын бөліп айтқым келеді. Жалпы қуаттылығы жылына 460 мың тонна. Жыл соңына дейін екеуі іске қосылады. Сонымен қатар, сәуір айында қуаттылығы 1 млн тонналық электрометаллургиялық зауытының құрылысы басталды. Ал, 2027 жылы жоғары санатты К5 маркалы бензинінің құрамына қажетті жоғары октанды компонет өндіретін зауыт іске қосылады.

Қазір жалпы құны 2,5 триллион теңгеден асатын 30 жаңа жоба іске асырылуда. Сан алуан бағыт бар. Өңріміз үшін экология саласы дамыған маңызды. Жиында ірі зауыт өкілдері бұл бағытта да жұмыс жасап жатқандарын айтты. Осындай бірнеше экологияны жақсартуға бағытталған инвестициялық жобаны Павлодар алюминй зауыты қолға алыпты.

Айтуған Ахметов, Павлодар алюминий зауытының директоры

Біз экологиялық бағытта ұзақ мерзімдік он жылдық бағдарламаны қабылдадық. Соның нәтижесінде екі жобаны іске асырдық. Жоба аясында номері бірінші және төртінші пештерге кәсіпорынан бөлінетін улы газдардың мөлшерін 100 есеге дейін азайтатын газ тазалау құрылғысын орнаттық. Келесі аптада номері бесінші пешке осындай гибридті фильтр құрылғысы орнатылып, іске қосылады.

Инвестициялық жобаларды табысты атқарып жатқан кәсіпорындардың бірі Павлодар мұнай-химия зауыты. Кәсіпорын үш жылға кешенді бағдарлама жасап, жоспар құрған. Өнеркәсіп бағытынан бөлек, ауыл шаруашылығы санасында да бірқатар тың бастамалар бар.

Александр Терентьев, «Ақтоғай агро» ЖШС директоры

Қазір біз картоптан жасалған чипси және фри өндірісі құрылысын қолға алдық. Қуаттылығы жылына он мың тонна деп жоспарлануда. Осылайша Президент міндет етіп қойған өндірістің толық циклін іске асыруға қол жеткіземіз. Негізгі құжаттық жұмыстары аяқталды деуге болады. Бірқатар мәселер бар. Алдағы уақытта шешіледі деп сенеміз.

Жиында бірқатар орта кәсіпкерлік өкілдері де өз жобалары бойынша сөз алды. Туындаған мәселер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Құбыр өндірісі жобасының жетекшісі болатты шетелден алдыратындықтан қиындық көріп отырғандықтарын айтты.

Павлодар облысы жаңа инвестициялық кезеңге қадам басты деді облыс әкімі. Осы уақытқа дейін қол жеткізілген жоба аз емес. Ендігі міндет өндіріс бағытына жұмылу.

Жанасыл Серікбол