«AMANAT» партиясының хатшысы Елдар Жұмағазиев Павлодар облысына жұмыс сапарымен келіп, жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Онда бизнесті қорғау, субсидиялау, гранттардың бөлінуі сұрақтары талқыланды.
Партия мүшесі бизнес өкілдерімен кездесіп, Павлодарда бірінші «AMANAT» кәсіпкерлік жөніндегі үйлестіру кеңесін ашты. Ұлттық компания өкілдері партияның облыстық филиалына жиналса, орталық мемлекеттік органдар бейнеконференция арқылы тікелей қосылды. Елдар Жұмағазиев Қазақстанда әкімшілік кедергілерді жоюға және бизнесті қолдауға көбірек назар аударып келе жатқанын атап өтті. Облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко бизнес пен билік арасындағы сенімнің жоғары екенін, екі тарап арасындағы тығыз қарым-қатынасты атап өтті. Оған дәлел ретінде спикер іскерлік белсенділіктің артқанын, мемлекеттік субсидиялардың, гранттардың бөлінуін, қажетті инфрақұрылымның дамуын келтірді.
Елдар Жұмағазиев, «AMANAT» партиясының хатшысы
Партия жанынан координациялық кеңес бірінші отырысын өткізу үшін келдік. Негізгі мақсат қордаланған сұрақтарға жауап алу. Мемелкеттік органдардың сұрақтарын шешуге құзыреттілігі жетпейді. Павлодардық бизнесі 30 дан астам сұрақ қойып жатыр. Бұл бизнесті қорғау, Дамудың субсидиясы. Осындай сұрақтарды көтереміз.
Сонымен қатар, фермерлер ауыл тұрғындары үшін салық өтімділік коэффициентін арттыруды сұрайды. Ауылдық жерлердегі мал шаруашылығын несиелендіру үшін 0,7% кепілдік өтімділік коэффициенті қолданылады. Бұл ауылдық жерлерде орналасқан мүлікті бағалау кезінде кепіл құны нарықтық құнның 70% ғана ескерілетінін білдіреді, өйткені мұндай активтер қалалық жерлерге қарағанда өтімділігі төмен болып саналады. Кездесу барысында басқа да сұрақтар көтерілді. Олардың барлығы «AMANAT» партиясы мен орталық мемлекеттік органдардың бақылауына алынды.
Самал Қалиқызы