Ұстаз – мәңгі нұрдың шырақшысы. Дәл осындай атпен Естай атындағы мәдениет сарайында ұстаздар күні қарсаңында қала әкімінің қатысуымен салтанатты шара ұйымдастырылды. Ғұмырын білім беруге арнаған жандар марапатқа ие болды.

Дәстүрлі түрде Естай атындағы мәдениет сарайында қала мектептерінің ұстаздарына тағзым етілді. Білім беру саласына өмірін арнаған ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді. Салтанатты шарада алдымен қала әкімі сөз алып, педагогтер қауымына ізгі тілегін білдірді.

Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі

Бұл барша халыққа ортақ мереке. Мектеп қабырғасынан алыстап кетсек те, үлкен сағынышпен еске алып отырмыз. Жас ұрпақ бойына жасық қасиеттерді дарытамыз. Ұстаздың ұлағатты сөзі ешқашан ұмытылмайды. Сондықтан мемлекет жағдайды жасап отырмыз. Алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер.

Шара барысында жылдар бойы оқушыларды білім нәрімен сусындатқан жандар «Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгі», Министрлік атынан алғыс хаттар мен облыс әкімі атынан «Құрмет», қала әкімі атынан марапаттарға ие болды. Сондай-ақ Павлодар қаласы білім беру қызметкерлерінің алтын есімді ұстаздар кітабы табысталды. Бұл кітапта есімі алтын әріптермен жазылған ұстаздардың бірі - Гаухар Әбуқызы.

Гаухар Бекмұрзинова, ардагер ұстаз

Биылғы жылы зейнетке шыққаныма 7 жылдай уақыт болды. Осы уақытқа дейін жастарды тәрбилеу менің мойнымда үлкен бір жұмыс болды. Жастарға көңіл бөлуге тырыстым. Үлкен жауапкершілікті үйретуге тырыстым.

Ұстаз – ұлттың болашағына бағыт беретін ұлы күш. Ұстаздың қолынан білекті спортшы, білімді педагог, дәрігер, ғалым, ғарышкерге дейін өтеді. Яғни әлемдегі кез келген саланың, мамандықтың бастауында осы ұстаз тұрады. Сондықтан осы сала мамандарына тағзым етіліп, құрмет көрсетіледі.

Жанар Рахимбаева, №9 сәбилер балабақшасының әдіскері

Ең алдымен өзімнің әріптестерімді, ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтағым келеді. Облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталып отырмын. Барлық ұстаздар қауымы артынан алғыс айтамын.

Ұлағатты ұстаздарымызға арналған мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.

 «Ұстаздық еткен жалықпас» үйретуден балаға деп қазақта бекер айтпайды. Осы саланың басы-қасында жүрген әр жан құрметке лайықты.

Самал Қалиқызы