Кеше Екібастұз қаласында жоспарлы гидравликалық сынақтар кезінде жылу магистралінде құбыр жарылды. Төтенше жағдай 11-ші жылу магистралінде, дүкен маңында тіркелді. Диаметрі 530 мм құбыр жарылып, желі өтетін аумақта жол жабыны көтеріліп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, 8 автокөлік зақымданған.

Қазір жылу құбырының учаскесінде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аталған жерде асфальт пен қиыршық тастың қалдықтары жиналды. Учаске қоршалып, қажетті қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Барлық зақымдар жойылып, жабындардың қалдықтары бір сағаттың ішінде жойылды. Гидравликалық сынақтар жүргізілгеннен кейін мамандар жылу желісін жөндеу және жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарын жалғасады.

Әйгерім Тоқпанқызы