Елімізде арнаулы салық режимдері оңтайландырылды. Жаңа заң 2026 жылдың 1-ші қаңтарынан күшіне енеді.

Атап айтқанда оңтайландырылған салық режимдері үш жағдайда қолданылады: Бірінші оңайлатылған декларация негізінде, шаруа қожалықтары үшін және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін. Соңғысына жататын тұлғалар жеке табыс салығын мүлдем төлемейді.

Миргүл Мажимова, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқармасының бас маманы

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінің ерекшелігі ешқандай салық салынбайды және бірыңғай 4 пайыз кірісінен мөлшерлеме қолданылады. Яғни, ұсталып қалатын сумма тек өзіне қатысты әлеуметтік төлемдерге жұмсалады.

Бұл 4 пайыз кірісі жылына 15 млн. теңгеден аспайтын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың өздеріне, яғни міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті медициналық сақтандыру және басқа әлеуметтік аударымдар үшін алынады. Ал, шаруа қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы қысқартылды. Бірақ жер учаскесі шекті көлемнен аспауы керек. Мәселен Павлодар облысында 3500 гектар деп белгіленді. Артық болған жағдайда салықты жалпыға бірдей тәртіп бойынша төлейді.

Жанасыл Серікбол