Өңірімізде өндірілген тауық жұмыртқасы мен бидай Ауғанстанда сұранысқа ие. Дегенмен, жеткізілім көлемі аз күйінде қалып отыр. Павлодарлық кеденшілер облыстың басқа экспорттық бағыттары туралы да баяндады.

Бірінші жартыжылдықта Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы 1,7 млрд долларға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден сәл жоғары. Ауқымды үлесі экспортқа тиесілі. 85% пайыз. Экспорттың негізін металлургия өнімдері, мұнай-химия тауарлары және отын-энергетика кешенінің өнімдері құрайды. Негізгі сатып алушылар дәстүрлі – Қытай мен Еуропа нарығы. Облыста өнеркәсіп алпауыттарының өнімдері көбірек экспортталады.

Төлеш Жүнісов, «Павлодар-кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетінің басшысы

Бидай, қарақұмық,картоп пен күнбағыс та сәтті экспортталып жатыр. Кеспе өнімдері де сыртқа шығарылады. Құрылыс заттары да бар. Бидай мен тауық жұмыртқасын Ауғанстанға жеткізіп жатырмыз. Әрине, көлемі онша көп емес. Алайда, сатылып жатыр. Ол жақта құны жоғары, бірақ онда жұмыс істеу өте қауіпті. Бірақ соған қарамастан компаниялар жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, «Павлодар құс» серіктестігі күркетауықты экспорттаумен айналысады. Осы мақсатта кәсіпорын Франциядан асыл тұқымды жұмыртқа әкеліп, жергілікті жерде күркетауық өсіріп, экспортқа, соның ішінде Түркияға, сонымен қатар ішкі нарыққа өнім жібереді.

Жыл басынан бері қазына кедендік төлемдердің арқасында 13 миллиард теңгемен толықты. Импортқа келетін болсақ, мұнда да негізгі белсенділікті облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары да көрсетіп отыр. Олар мұнай-химия өнеркәсібінің қажеттіліктеріне байланысты қажетті жабдықтарды, жинақтаушы бұйымдарды және шикізатты белсенді түрде сатып алады. Шетелдік онлайн сервистер арқылы сатып алынатын жеке тауарларға келетін болсақ, егер олардың құны 200 еуро және 31 келіден аспаса, олар кедендік статистикаға кірмейді. Биыл тек 12 халықаралық сәлемдеме белгіленген межеден асып түсті.

Төлеш Жүнісов, «Павлодар-кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетінің басшысы

Бұл негізінен киім. Мәселен, фирмалық кроссовкалар мен сырт киімдер. Егер сәлемдеме 200 еуродан асса, біз оған кедендік баж салығын салуға міндеттіміз....её таможенными платежами.

Сонымен қатар, кеденшілер демалысты жоспарлап отырған азаматтарға қолданыстағы ережелерді еске салды: қандай мөлшерде қолма-қол ақшаны шығаруға болады, сондай-ақ қандай тауарларды және қандай мөлшерде міндетті декларациясыз шетелге шығаруға рұқсат етілетіндігін айтты.

Төлеш Жүнісов, «Павлодар-кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетінің басшысы

Когда вы перемещаетесь самостоятельно... Сіз өз бетіңізше саяхаттаған кезде - жаяу, автокөлікпен немесе теміржолмен өткен кезде тауар құнының лимиті 500 еуро, ал жүк 20 келіден аспауы керек. Бұл әрине, жеке қажеттілікке қолданылатын тауарларға қатысы жоқ. Яғни, тауарлар кәсіпкерлік мақсатта болмауы керек. Кәсіпкерлік мақсатта болса деклорациялық заңнамаға сәйкес болуы керек.

Валютаға келетін болсақ, азаматтар кедендік декларацияны тапсырмай-ақ елден 10 мың долларға дейін әкетуге құқылы.

Жанасыл Серікбол