Облыс әкімі Павлодар қаласындағы екі кәсіпорынға барды. Оның ішінде «Қазбитумсервис» және «Проманалит» кәсіпорындарына барып, инвестициялық жобалар мен танысты.
Жұмыс сапары барысында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов шатыр материалын өндіретін компанияға барды. «Рукан» өнімі қоймаларда, мектептерде, балабақшаларда, ауруханаларда, тұрғын үй кешендерінде гидрооқшаулау үшін кеңінен қолданылады. Тұтынушылар тарапынан ең жоғары сұраныс наурыздан қазан айына дейін байқалады.«КазБитумСервис» ЖШС-нің бас директоры Ферхат Қайратовтың айтуынша, компанияның өндірістік қуаты жылына шамамен төрт миллион шаршы метрді құрайды, алайда іс жүзінде бір миллионға дейін шығарылады.
Нарықта тұрақтап қалу үшін бірлескен күш-жігер мен қолдау қажет. Алматыда осындай кәсіпорын бар, бірақ ол келесі жылы жабылуы мүмкін. Жол-құрылыс саласы үшін сапалы битуммен қамтамасыз ету мәселесі басты бағыттардың бірі болып қала береді. Шешімдердің бірі – битумды жазда да сапасын жоғалтпай сақтайтын заманауи қоймалар салу. 3 мың тонналық битум сақтайтын терминал кәсіпорынның биылғы инвестициялық жобасы, құны 274 млн теңгені құрайды.
Павлодар облысында жылына 30 мың тонна битум пайдаланылады екен. Битумды полимерлеу кезінде түрлі сынулар мен жарықшақтардың пайда болуын азайтады. Жөндеу уақытын 1,5-2 жылға ұзартады. Қазір «КазБитумСервис» ЖШС полимер үшін килограмына шамамен 7,5 доллар төлейді, бұл өндірісті қымбат етеді.
Бұдан кейін өңір басшысы «Проманалит» ЖШС барды. Компания газталдау жабдықтары мен автоматтандыру құралдарын, соның ішінде заманауи газталдағыштар мен экологиялық мониторинг кешендерін шығарады. Жүйе автоматты деректерді жіберуді қарастырады. Барлық көрсеткішті оператордың қатысуынсыз қашықтан немесе флешка арқылы қолмен алуға болады. Датчиктердің бітелуіне жол бермеу үшін алдын ала тазарту сүзгісі орнатылған. Анализ параметрлерін нақты жағдайға қарай баптауға болады.
Компанияның өндірістік қуаты жылына 60-қа дейін түрлі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кәсіпорында 40 білікті маман еңбек етеді. Асайын Байханов кәсіпорындардың инвестициялық жобаларының орындалуына ерекше бақылау орнату, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, көмектесу қажеттігін еске салды.
Самал Қалиқызы