2022 жылдан бастап "Қазақстан халқына" Қоғамдық Қоры Павлодар облысының тұрғындары үшін жалпы сомасы 8,4 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Жиыны 19 жобаны қаржыландырған. Әлеуметтік маңызы аса жоғары көптеген орталықтарға жаңа құралдармен жабықталды.

Облыстық балаларды оңалту орталығы 2023 жылы ашылған. 127 млн теңгеден астам қаржыға құралдар сатып алыған. Қуаттылығы 120 бала. 7 бағыт бойынша 98 маман жұмыс істейді. 30 ға жуық кабинетте ем алуда. Солардың бірі Екібастұздан келген Ибадидьдиновтер отбасының үшемі.

Серік Ибадильдинов, Екібастұз қаласының тұрғыны

Екібастұз қаласынан келдік. 2024 жылы осы мекеме ашылғаннан бері содан бері осында келіп жүрміз. Балаларға өте ұнайды. Жақсы.

«Қазақстан халқына» қоры қолдау көрсеткен мекемелердің бірі арнайы балабақша-мектеп интернаты кешені. Орталық 100 балаға арналған. Оның құрылымында балабақша мен мектеп бар. Қазіргі таңда 98 тәрбиеленуші білім алуда. Қордың арқасында балалар арнайы жабдықталған кабинетте есту және көру қабілеттерін оятуға мүмкіндік алды.

Нұрсәуле Төлемісова, «№1 балабақша-мектеп интернаты арнайы кешенінің» басшысы

Толық есту қабілеті бұзылған балалардан бөлек, бізде нашар еститін балаларға арналған арнайы үш сынып бар. Ол жерлерде мүлде басқа әдістеме қолданылады. Мысалы, логопед кабинетінде «ақылды айна» арқылы жұмыс жүргізіледі. Әр балаға жеке тәсіл қарастырылады.

Павлодардағы балаларға да, ересектерге де арналған орталық жұмысы ауқымды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тарапынан бұл мекемеге де қаржы бөлінген. Жиыны 192 млн еңгеге жуық қаржыға жаңа жабдықтар алынып, мамандар әр түрлі біліктілікті арттыру курстарынан өткен. ОРталық жұмысы көпшіліктің көңілінен шығуда.

Жалпы, қор облыстағы жеті бірдей мамандандырылған мектепке қолдау көрсетсе, республика бойынша саны 98 ге жетеді. Үш жыл ішінде «Қазақстан халқына» қоры Павлодар облысына 8,4 миллиард теңге қайырымдылық көмек берді. Бұл қаражат 19 жобаны жүзеге асты. Жиымрасыншысы іске асыру сатысында.

Жанасыл Серікбол