Екібастұзда Шахтер күні аталып өтті. Онда жұмыс істеп жатқан 10 мыңға жуық кенші құрметтелді. Шараға Қазақстан және әлемдік эстрада жұлдыздары келді.

Екібастұз бассейнінде 10 миллиард тоннадан астам көмір бар. Бүгінге дейін осы орасан мол қордың бестен бір бөлігі ғана игерілген. Осыншама есепсіз байлықты күн сайын 10 мыңнан астам кенші игеруде. Жүктеменің максималды көлемі айына 4 миллион тоннаға жетеді. Осылайша Екібастұз республикадағы жетекші көмір өндіру орталықтарының біріне айналды.

Мереке құрметіне облыс әкімі Асайын Байханов үздік кеншілердің еңбегін жоғары бағалап, оларға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін, Құрмет грамоталар, алғыс хаттар табыстады.

Қазақстан эстрадасының жас жұлдыздары кеншілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Олардың жарқын көңілге толы әндері кеншілер мен қала тұрғындары үшін нағыз мерекелік сый болды.

Жанасыл Серікбол