Жүргізуші: Павлодарда биыл Отбасыны қолдау орталығы ашылды. Мекемеге бүгін ұлттық комиссияның мүшелері жұмыс сапарымен келді. Елордадан келген меймандар орталықты аралап, оның қандай бағытта жұмыс істейтінін өз көздерімен көріп, мамандармен пікір алмасты. Орталық нақты қандай қызметтер көрсетеді? Бұл туралы толығырақ келесі бейнематериалда.

Орталықтың құрылымы екі негізгі бағытта жұмыс істейді. Кеңес беру және кешенді сүйемелдеу бөлімі, сондай-ақ әдістемелік және ақпараттық-ағартушылық жұмыс бөлімі бар. Қаңтар айынан бері мұнда 90 отбасы, яғни 197 адам көмек сұрап жүгінген.

Гульнар Нұржанова, «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры

Біздің орталық 2025 жылдың қаңтар айында ашылды. Бізге қиын жағдайға тап болған азаматтар жүгінеді. Жеке және үкімет тарапынан және басқа да мекемелер арқылы байланысқа шығуға болады. Мүмкін оларда шешілмей жүрген мәселелері болса, психологиялық тұрғыдан көмек қажет болса бізге жүгіне алады. Әрине, біз барынша қолдауға көмектесуге тырысамыз.

 Орталықтың қызметі «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Яғни, барлық әлеуметтік қызметтер бір жерде шоғырланған. Мұнда келушілер психологиялық, заңгерлік, кей жағдайларда қаржылай және тіпті физикалық көмекке де жүгіне алады. Комиссия мүшелері көрсетілетін қызмет сапасына оң бағасын берді.

Эльмира Каримова, Қр президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі

Бүгін біз Павлодар облысындағы қалаларында орналасқан отбасын қолдау орталығына келдік. Басты міндет орталықтың немен айналысатынын, қалай жұмыс істейтінін, азаматтардың өтініші іске асып жатқандығын қадағалап, танысу.Қазір барлық жағдайы жасалған орталықта тұрмыз. Шыны керек, осындай орталықтардың бар болғаны қуантады.

Ксм:орталық денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау саласының өкілдерімен жұмыс істейді Әрқайсысы белгілі бір шағынаудандарға бекітіліп, нақты мекенжайлар бойынша көмек көрсетеді.Көмек қажет болған жағдайда, азаматтар жұмыс күндері генерал Дюсенов көшесі, 80 мекенжайында орналасқан орталыққа келуіне болады. Немесе 111 қысқа нөміріне хабарласа алады.

Дильназ Қуанышбекқызы