Президент өз жолдауында жастар мәселесін де терең қозғап, жасампаздыққа үйдеді. Алға озған заманның озық ойынан қалмай, табанды еңбекпен өркенетке ғана ұмтылу қажеттігін айтты.

«Бүгінгі жасалып жатқан жұмыстардың бәрі жастардың болашағы үшін» деді Президент. Болашақ елдің тірегі болғысы келетін ұлдар мен қыздар білім мен жасампаздыққа ұмтылуы керек. Әр түрлі кесірлі ойдан аулақ болып, кесімді істерге бейім болғаны жөн. Жолдауда жастарға қарата айтылған сөздің мәні осыған саяды.

Асыл Әбіш, «Aiqara.kz» ақпараттық порталының редакторы

Жастар саясаты туралы айтқан кезде айналып келіп жасанды интеллектке соғамыз. Жастар біздің осы жаңашылдықтарға технологиялық үрдістерге сай адмуы керек. Жастардан осы талап етіледі. Көп іздену, көп оқу. Қандай жаңашылдықтар болып жатыр әлемде? Оны немен пайдалануға болады? Нәтижеге қалай жетуге болады? Осыны үйренсе керек дедім.

Ел ертеңі жастар деп жиі айтылады. Ал, елдің ертеңі озық ойлы жастардың қолына табысталуы тиіс. Тіпті, бүгінгі уақытта жастар ертеңді күтпей-ақ, өз біліктері мен елге еңбек етуіне де мүмкіндігі мол.

Жанасыл Серікбол