Павлодар қаласында «Amanat» партиясының танымдық сипаттағы трамвайы жолға шықты. Жоба экологиялық көлікті насихаттап, халыққа партия бағдарламаларын кеңінен таныстыруды көздейді. Салтанатты іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің мүшелері қатысып, бастаманың өзектілігін атап өтті.
Трамвай депосынан шыққан көліктің сырты партияның негізгі бағыттарын айшықтайтын арнайы безендірумен жабдықталған. Қазір Павлодарда 120-ға жуық трамвай бар. Жаңа бастама қалалық инфрақұрылымды дамытуға және экологиялық көлікті қолдауға бағытталған.
Жарқынбек Амантай, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Трамвайдың ерекшелігі оның ішінде партияның бүкіл бағдарламалары енгізілген. Жер аманаты, кедергесіз келешек, бақытты отбасы дегендей партияның барлық бағыттағы бағдарламасы сол жерде көрсетілген, жұртшылыққа түсінікті болу үшін. Айшықты көріністермен ұсынылған. Сондықтан бүгінгі шара кішігірім болса да, қоғам ортасында, біздің партияның атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын, ауқымды міндеттерін ел арасында насихаттауға бағытталған қадам деп айтатын едім.
Шараға Мәжіліс депутаттары Сергей Пономарёв, Еділ Жаңбыршин және Вера Ким арнайы келіп қатысты. Олар аймақтағы экологиялық жағдаймен де танысып шықты.
Сергей Пономарев, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Аmanat –– халықтың партиясы. Біз адамдарға жақсы өмір сүру үшін, жұмысқа жеңіл жету үшін бар жағдайды жасауға тырысамыз. Ал трамвай – экологиялық таза көлік. Ол кез келген ауа райында қолжетімді, зиянды шығарындыларды азайтады. Сондықтан оның орны бөлек.
Бұл жоба экологияға үлес қосумен қатар, тұрғындарға партия бағдарламаларын жақыннан таныстыруға мүмкіндік береді.
Сабина Жолдаспаева