Павлодарлық акушер дәрігерлер босанған әйелдерді қолдау маңызды екенін еске салады. Себебі біздің қоғамда жүкті келіншектер ерекше қамқорлыққа ие болып, енді босанған әйелдер өзімен өзі қалып қойып жатады. Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.
Жүктілік - бұл әр әйелдің өміріндегі маңызды, әдемі және жауапты кезең. Сондықтан оған барынша екі адамның өмірі үшін жауапкершілікпен келген абзал. Босанғаннан кейінгі кезеңде ағзада өзгерістер болады, оған да дайындық қажет.
Зия Айқынқызы, Павлодар облыстық перинаталдық орталықтың акушер-дәрігері
Осы кезеңде әйел адамның ағзаны қалпына келеді. Ол үшін медициналық дәрігерлердің бақылауы, дұрыс тамақтану, психо-эмоционалдық қолдау қажет етеді. Жаңа туған нәрсетенің күтімі үшін ең қажетті нәрсе, омырау сүтімен тамақтандыру, гигиеналық шаралар және қаіпсіз ұйқы. Сонымен қатар, ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланыс та өте маңызды.
Сонымен қатар, босанып шыққан келіншектер ескерту белгілерін көңіл бөлуі керек. Ол қан кетудің күшеюі, дене қызуының жоғарылуы, бастың, іштің қатты ауыруы, ұзақ уақытқа дейін көңіл күйдің болмауы, ұйқысыздық негізгі ескерту белгілері болып саналады.
Зия Айқынқызы, Павлодар облыстық перинаталдық орталықтың акушер-дәрігері
Сонымен қатар, тағы өзекті сұрақтардың бірі – босанудан кейінгі депресиия. Егер әйел адам өзінен ұзақ уақыт бойы ұйқысыздықтың, балаға қарауға емізуге деген ынтасы болмаса, өзін шаршаңқы сезінсе онда әйел адамда психологиялық және медициналық көмек қажет. Әйел адам босанғанна кейін өзін жалғыз сезінбеуі керек. Ол отбасының және медициналық мамандардың қолдауын қажет етеді. Тағы бір айта кететін жағдай босанған әйел келесі жүктілікті жоспарлауы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратынша, келесі жүктілік арасын 2 жылдан кем болмауы керек.
Осы ретте, енді босанған келіншектерге отбасы мен медициналық мамандардың қолдауы маңызды. Сондықтан әйелдердің ішкі жағдайын жасырмай, жанындағы жандармен бөліскені маңызды.
Самал Қалиқызы