Кеше, 23 қыркүйек күні Павлодардағы жылу электр орталығында 33 жастағы жұмысшы көз жұмды. Шұғыл қызметке қоңырау сағат 14:48-де түскен.
Жедел жәрдем бригадасы тоғыз минуттың ішінде оқиға орнына жетті. Алайда, өкінішке қарай, 1992 жылы туған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Ол ТЭЦ-2-де дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген. Қазір арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қайғылы оқиғаға байланысты тиісті тексерістер жүргізіліп, еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселесі назарға алынды.
Сабина Жолдаспаева