Павлодар облысында қазірге дейін 1287 мерген камерасы орнатылды. Ол камералар негізінен облыстағы үш қаланың көшесіне және қала сыртындағы жолдардың бойына орнатылды. Негізінен жол қозғалысы ережелерін бақылайды.
Камералар қаланың кіреберіс және айналма жолдарын толық қамтыды. Бұл жерлерге 205 камера орнатылды. Ал, қалалардағы қиылыстарға мыңнан астам камера орнатылды. Бұлар жол қозғалсы кезінде бұзушылықтарды анықтайды. Қыркүйек айында тесттік режимде қосылады. Қазан айында толықтай қызмет атқара бастайды.
Берік Истаев, Павлодар облысы полиция департаменті ӘПБ бастығының орынбасары
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары. Биыл Павлодар облыстық полиция департаменті мен облыс әкімдігі бірлесіп «қауіпсіз қала» жобасын іске асыруда. Жоба аясында Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының көшелері мен қала шетіндегі жолдардың бойына қазірдің өзінде 1287 «Мерген» кешенді бағдарламалық аппараты орнатылды. Камералар автоматты режимде жұмыс істейді.
Сонымен қатар, «қауіпсіз қала» жобасы аясында жалпы бақылау мақсатындағы 4200 камера Павлодар көшелеріне орнатылған. Бұл камералар қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті бақылап, жасанды зерде көмегімен сараптама жүргізеді.
Жанасыл Серікбол