Елімізде сиыр еті бағасына байланысты жедел желі ашылды. Арнайы қызмет арқылы халық еттің бағасы мен сапасына қатысты шағымын немесе ұсынысын жеткізе алады. Ал біздің өңірде еттің бағасы тұрақты ма? Біз «Жайлау» базарына барып, бағаларды саралап келді.
Етсіз ас болмайтыны анық. Сондықтан көпшілік сенбі сайынғы жәрмеңкелер мен әлеуметтік дүкендерге барады. Мұнда баға қолжетімді, және сапасы көңілден шығады. Павлодардағы әлеуметтік дүкендерде тартылған сиыр етінің бір келісі 2900 теңге болып саудаланып жатыр. Жай дүкендерде бағасы сәл жоғары. Сондықтан жұрт арзан әрі сапалы өнім үшін әлеуметтік базарларға барады.
Келіп осында ет алып тұрамыз. Еттің сапасы жақсы. Өте көп таңдау бар. Бағасы арзан.
Қазіргі жағдайда еттің бағасы тұрақты, алдыңғы жылға қарағанда.
Жақсы бағасы, қолжетімді. Жақсы еттер болады. Сапасы бәрі жақсы.
Орташа 3500 сатады, көбінесе содан аламын. Қойдай алып жейміз. 00:26
Павлодар облысында ет бағасы елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда біршама арзан. Тұрғындар сапасына да, бағасына да риза. Ал жедел желі арқылы көтерме баға мен сапа мәселесі бақылауда болады. Жалпы кәсіпкерлік бөлімі күнделікті нарықтағы бағаны саралап тұрады екен. Сондай-ақ, өңірде ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Майлы дақылдардың көлемі 43 пайызға артты. Суармалы жерлердің 97 пайызына ылғал үнемдеу технологиялары енгізілген. Елде өндірілетін картоп пен сәбіздің үштен бірі, қарақұмықтың 60 пайызы – Павлодар облысының үлесінде. Бұл етпен қатар көкөніс бағасының да тұрақты болуына мүмкіндік береді.
Сабина Жолдаспаева