Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасына толмаған жас баланы топпен зорлау ісін қарады. Зорлықшылардың бірі 22, ал екіншісі 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталды.
Сондай-ақ, жәбірленушілер өкілінің моральдық шығынды өндіру туралы талап қоюы толығымен қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жанасыл Серікбол