Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай "30 игі іс" республикалық акциясы ұйымдастырылды. Оның аясында Павлодар құтқару станциясында ерекше шара өтті. Оған "Тең мүмкіндіктер әлемі" қоғамдық қорының тәрбиеленушілері ерекше балалар шақырылды.Толығырақ сюжетте.

Құтқарушылар кішкентай қонақтар үшін қызықты әрі танымды бағдарлама дайындады. Балалар сүңгуірлердің су астындағы жұмысын тамашалап, заманауи техникамен және арнайы құрал-жабдықтармен танысты.Ең әсерлі сәттердің бірі – кинологиялық бөлімшенің көрсетілімі болды. Төрт аяқты құтқарушылар өз жаттықтырушыларымен бірге іздестіру және құтқару шеберліктерін көрсетті.Балалар арманы орындалды. Олар қуатты "Трэкол" техникасына мініп, "Марлин" құтқару қайығымен серуендеуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, апаттар медицинасы орталығының мамандары балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйретті.Ашық есік күні тек танымдық шара ғана емес, шынайы қамқорлық пен мейірімге толы мерекеге айналды. Мұндай кездесулер балаларға жаңа тәжірибе сыйлап, болашаққа сенім ұялатты.

Дильназ Қуанышбекқызы