Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылдың 9 айында камеральдық бақылау жүргізді. Осы кезеңде 13 мыңнан астам хабарлама жолданып, 10 мыңнан аса салық төлеуші заңбұзушылық жасаған. Айыппұл сомасы шамамен 500 миллиард теңгені құрады. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Камеральдық бақылаудың нәтижесінде төлеушілер салықты 15 млрд теңге сомасына тапсырды. Бюджетке 14 миллиард теңге түсті. Жалпы бұл бақылаудың мақсаты – салық есептілігінде кеткен қателіктер мен бұзушылықтарды анықтау. Айта кету керек, бұл жұмыстар қашықтан жүргізіледі.

Ғалия Сембаева, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті камералды мониторинг басқармасының басшысы

Басты мақсат – салық төлеушілерге заң бұзушылықтарды айыппұлсыз түзетуге мүмкіндік беру. Хабарлама берілгеннен кейін оны орындауға 30 жұмыс күні беріледі. Егер салық төлеуші келіссе, нөмірін көрсетіп, қосымша есеп тапсыруы қажет. Ал келіспеген жағдайда, ол өз уәжін көрсетіп, дәлелді түсіндірме жолдай алады.

Хабарламаға уақытында жауап берілсе орындалды болып есептеледі. Бұл жағдайда банк шоттарынан шығыс операциялары тоқталымайды. Ал егер хат мүлде ескерусіз қалса, салық органы зерттеу жүргізіп, төлеушінің тіркелген жерінде жоспардан тыс тексеріс жүргізеді.

Ғалия Сембаева, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті камералды мониторинг басқармасының басшысы

Барлығы салық мәдениетіне байланысты. Егер барлық міндеттемелер адал орындалса, ешқандай хабарлама келмейді. Біз үлкен деректермен жұмыс істейміз, және тек алшақтық анықталған жағдайда ғана хабарлама жолданады.

Айта кету керек, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап камеральдық бақылауға қатысты өзгерістер енгізіледі. Енді бақылау бұзушылықтармен қатар, сәйкесіздікті анықтауға бағытталады.

Әйгерім Тоқпанқызы