Ақсу қаласында қаржылық сауаттылықты арттыру, лудомания, дроперлік сынды жағдайлардың алдын алу мақсатында ауқымды форум өтті. Оған қала тұрғындары мен жастар қатысты. Толығырық тілшіміз айтсын.
Қазақстанда 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қылмыстық кодекске дропперлік үшін жауапкершілікті қарастыратын жаңа 232-1-бабы енгізілді. ІІМ мәліметінше, банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаларға банк картасын беру әрекеттері дропперлік болып саналады. Бұл әрекет интернет-алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығару үшін қолданылады. Осы ретте Ақсу қаласында заңнамадағы өзгерістер мен жалпы қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша форум өтті.
Азат Шахманов, Павлодар облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі
Іс-әрекеттің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне қарай Қылмыстық Кодекстің 232-1-бап айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілей отырып 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Көп жағдайда әлеуметтік жағдай жеткізуші, курьер, менеджер ретінде қызметтер ұсынылады. Онда сізге жұмыс уақыты ыңғайлы деп, талап ұсынады. Сәйкесінше жастар бұған түсіп қалады. Онда карта ашу, сим картаны өзгертуді ұсынады.
Қаржылық пирамидаларды желілік маркетингтерден, крипто биржалардарн, кооперативтерден қалай ажыратуға болады. Осы туралы мамандар қарапайым тілмен азаматтарға түсіндірді. Олардың алғашқы белгісі ұсынатын жоғары пайыздық мөлшерлемеде екен.
Азат Шахманов, Павлодар облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі
Бүгін біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында форум өткізіп отырмын. Бұл заң және тәртіп қағидаты аясында өтіп отыр. Біз болған жағдайлар кейсін ашып, тұрғындарға айтатын боламыз. Қаржылық пирамидалардың жұмысын, оларды қалай анықтауға болады сол туралы айтамыз.
Кездесу барысында жастар сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Елімізде былтыр 90 астам қаржы пирамидасы анықталып, жұмысы тоқтатылған. Жалпы шығын көлемі 30 млрд теңгені құрап отыр.
Самал Қалиқызы