Екібастұзда жалпы аумағы 12 мың шаршы метрден асатын ең ірі «Аквилон» сауда-құрылыс кешені ашылды. Ашылу салтанатында ұтыс ойыны өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Толығырақ келесі материалда.
1997 жылдан бері құрылыс және әрлеу материалдарын сатумен айналысып жүрген «Аквилон Трейд» компаниясы үшін бұл — аймақтық деңгейдегі жаңа белес. Жоба «Даму» қорының қолдауымен, Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту және моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асты.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі
Бүгінгі күні осындай ірі супермаркеттің ашылыуы жалпы өңіріміздің тағы бір даму сатысындағы тағы бір сатыны игеруі деп білуге болады.
Кешенге теміржол тұйығы бар логистикалық орталық жапсарлас орналасқан. Бір мезетте 11 вагонды қабылдап, өңдей алатын бұл нысан — уақыт пен шығынды үнемдеп, жұмыс тиімділігін арттырады. Сөреде 27 мыңнан астам тауар ұсынылған.
Андрей Ясиновский, "Аквилон" компаниясының негізін қалаушысы, бас директоры
Бұл жобамыз тұрғындарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп ойлаймын. Қала өсіп келеді, дамып жатыр, біз де өз үлесімізді қосып жатырмыз. Үлкен көлемде өнім өткізу арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендетеміз, жеткізушілерден қосымша баға мен қызмет бойынша жеңілдіктер ала аламыз.
Ашылу салтанатында 50мың теңгеден жоғары соммаға сауда жасағандар ұтыс ойынға қатысып, бағалы сыйлықтардың жүлдегері атанды. Айта кетейік, басты сыйлық 500 мың теңге.
Андрей Пантелеев, ұтыс ойынының жеңімпазы
13 қыркүйек күні мен "Аквилонға" дүкенінен тұрмыстық сатып алу үшін келдім. Сол кезде ұтыс ойын болатынын білдім. Чектегі сома – 55 000 теңге болды. Лотереяға қатысу ұсынылды. Купонды толтырып, жәшікке салдым. Бүгін ұтысқа келіп, 500 000 теңге ұтатынымды күтпедім.
Ұтыстан олжалы болған жүлдегерлер өз ризашылықтарын білдірді.
Еркебұлан Конакаев, Екібастұз қаласының тұрғыны
Өте қуанышты сәт. Аквилон супермаркетіне көптен көп рақмет, осындай розыгрыштар бола берсін.
Сатып алушылар үшін "Аквилон Бонус" жеңілдіктер бағдарламасы іске қосылды. Бұл арқылы тауарларды төмен бағада алып, кэшбэк жинауға болады. Ал akvilon.kz сайтында қос кэшбэк пен клубтық бағалар ұсынылады.
Дильназ Қуанышбекқызы