Бүгін «Павлодар–Қызылорда» бағыты жолында жол көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан бес адам көз жұмды.
Апат Екібастұз ауылдық аймағына қарасты Байет ауылы маңында болды. Жеңіл көлік жылдамдықты асыра көтеріп, жүріп бара жатқан цистерналы жүк көліктің астына кіріп кеткен. Қатты соққыдан жеңіл автокөлік отқа орынды. 5 адам қаза тапты.
Азамат Күркебаев, Павлодар облысы жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы
Алдын ала деректер бойынша 23 қыркүйек Павлодар қызылорда автожолының Байет ауылының 5 шақырым жерде тайота Лусида маркалы жүргізушісі жол кауіпсіздігін қамтамасыз етпей бір бағытта жүріп бара жатқан ситрак маркалы соқтығысу нәтежесінде тайота көлігі өртке шалынды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция инспекторлары жол үстінде қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Әйгерім Тоқпанқызы