Павлодар облысында 100 ге тарта білім мекемесінде директор жоқ. Ал өңірдегі мектептірдің басым бөлігі тіпті мемлекеттік аттестациядан өтпеген. Мәселен, былтыр 236 мектептің 6-ы ғана сынақты тапсырған. Өзгелері не себепті сынақтан сүрінген? Басшы болудан педагог мамандар неге қашады? Тілшіміз зерделеп көрді.
Аттестация кезінде мектептердің оқу жоспары, сабақ кестесі, мұғалімдер мен оқушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігі, тіпті қандай аумақты алып жатқан құжатына дейін тексеріледі. Бұл сынақтан мектеп басшылары әбден зәрезеп болған.Тіпті, сол үшін жұмыстан кетіп жатқандары бар. Мәселен, облыста 100 ге тарта білім саласы мекемелері басшысының орны бос тұр. 28і балабақша.
Айгүл Мәлікова облыс әкімінің орынбасары
Облыс бойынша 70 тен астам мектеп директорының тапшылығы бар. Неліктен? Өйткені, бүгінгі таңда мектеп директоры болғысы келмейді. Өйткені мұғалімге қарағанда жалақысы төмен, екіншіден олар мына басшыға тағайындау үшін тест бар ғой, сол тесті тапсыра алмауынан тағы бір үлкен сұрақтардың туындауы бар.
Аттестациядан өте алмаған мектептер саны бойынша аймақ Республикада алдыңғы үштікте. Мәселен 2024 жылы облыстағы 360 мектептің 236 сы аттестацияға іліккен. Бірақ алтауы ғана өтті. Биыл 170 мектеп екінші мәрте тапсырған. 60 қа жуығы сүрінді. Енді олардың 29ы прокуроратура және санэпидемстанцияның мамандары тексереді.
Бәкіжан Кәкім, білім саласының сарапшысы
-Бұл енді министрліктің құзіретіндегі дүние. Бұны алдыртып тастаған дұрыс. Өйткені, бір ауылда бір мектеп болса аттестациядан өтпей қалған оны жауып тастау керек қой мысалы.Ал, балалардың басқа баратын жері жоқ. Сондықтан аттестациядан қалай болсада өткіздіреді. Бірнеше жылдан болса да ақыры сол аттестациядан өткіздіреді. Бұл мүлдем дұрыс емеса. Бұның жүйесін өзгерту керек.
Аттестациядан тек ескі емес, су жаңа мектептер де өтпеген. Негізі бұл сынақты өткізуге Оқу-ағарту министрлігіне қарасты өңірлердегі сапаны қамтамасыз ету департаменттері жауапты. Құзырлы мекеме басшысының айтуынша орта білім беру ошақтары негізінен мына талаптарға сәйкес болмаған.
Гүлнар Үздембаева, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы
-Осы өмір қауіпсіздігі туралы пәніне сәйкестігі емес өтті. Біз айтамыз ғой ОБЖ деп, сол қателік шықты. Көбінде жол жүру ережесі бойынша бірталай кемшілік анықталды. Тәрбие сағаты негізінде олда бізде мемлекет стандартына кіреді. Сондықтан біз оны да тексереміз.
Тілші. Бұл екеуі де негізгі білім беру бағдарламасына кірмеген, тәрбие сағаты ретінде қосымша оқытылады. Соған қарамастан , аймақтың білім беру саласын артқа тартып тұр.
Әйгерім Тоқпанқызы