Өңірде 20 қыркүйектен 20 қазан аралығында тазалық айлығы өтеді. Сенбілік ауқымды басталды, қолына қолғап киіп, қап алғандар көп болды. Бұдан кейін қатысушыларға ыстық палау мен бауырсақ таратылды. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Президент осы жолғы Жолдауында «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылардың ерен еңбегін ерекше атап өтті. Республикалық акция қолға алынғалы қанша қоқыс шығарылып, мыңдаған ағаш отырғызылды, сенбіліктер өткізілді.

Әмір Смайылов, Павлодар қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары

Бүгін Павлодар қаласында сенбілік өтіп жатыр. Усолка шағын ауданында. Бір ай өткізіледі. Жинап жатырмыз. Келген халыққа плов бауырсақ таратамыз. Келген барлық тұрғындарды шақырамыз.

Сенбілік Усолка мөлтек ауданындағы мына аумақтан басталды. Мемлекеттік қызметкерлер, қоғам белсенділері, жастар, депутаттар да экологиялық акцияға қатысып, аумақты тазартты. Олар үшін палау басылып, бауырсақ таратылды.

Әлия Асқарова, Павлодар қалалық мәслихаттың депутаты

Бүгін сенбілікке қатысып жатырмыз. Көңіл күйім тамаша, ауа райы да жақсы. «ТҚ» жобасы аясында қатысуға келдік. Жыл сайын көктемде қатыстық. Сенбіліке қатысуға тырысамыз.

Гюзель Омарова, ақпараттандыруды дамыту орталығының қызметкері

Бүгін қаламызды тазаладық. Қала тұрғындары таза жермен жүрсін деген мақсатта. Көңіл күйім жақсы, күн де жылы болып тұр. Әріптестермен міне бірігіп тазалап жатырмыз. Осындай сенбіліктер пайдалы, әріптестермен жұмыстан тыс әңгімелесіп, күліп қаламыз.

Айта кетейік, Павлодар облысында 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін тазалық айлығы өтеді.

Самал Қалиқызы