Успен ауданында дүбірлі той. Айтулы шараны мерекелеу салтанаты ауданның мәдениет үйінде басталды. Онда «90 жылдық шежіре: Успен ауданы – бірлік пен берекенің мекені» атты ғылыми практикалық конференциядан болды. Оған ғалымдар, зиялық қауым, аудан тұрғындары қатысты. Аудан әкімі Нұрболат Мақашев шараның шымылдығын құттықтау сөзімен ашты.
Нұрболат Мақашев, Успен ауданының әкімі
Қадірлі ауданның қонақтары Бүгін біз үшін атаулы күн. Ауданымыздың құрылғанына
90 жыл. Бұл барлық тұрғындар үшін ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы,
қалыптасуымен дамуына үлес қосқан еңбек адамдарының мерекесі.
90 жыл — тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, аудан үшін толағай табыстар
мен елеулі жетістіктерге толы үлкен белес. Ауданның дамуына үлесін қосып, жас ұрпаққа жол көрсеткен
қариялар баршылық. Дүйсенбі Қүлжанов Успен ауданының құрметті азаматы. Мектеп,ауыл
басқарған ақсақал тынымсыз еңбектің арқасында аудан толағай табысқа жетіп
отырғанын айтады.
Дүйсенбі Күлжанов, Успен ауданының құрметті азаматы
Мен осы ауданда өмір бойы қызмет жасадым. 40 жылдан аса. 15 жыл директор
болдым. Одан кейін 20 жыл Коволев округінің әкімі болдым. 90 жылдық
мерейтойымыз құтты болсын. Ұрпақтар өсіп
жатқан осы аудандағы қандай жақсы жұмыстар жасалып жатыр. Мен міне зейнетке
шыққалы 10 жылдан асты. Менің ауылымда көптеген өзгерістер болып жатыр. Ауыл
аймаққа көп назар аударылып жатыр.
Бұдан кейін салтанатты шара этноауылда жалғасты. Онда 20 ға жуық ақшаңқай
киіз үйлер тігілді. Ұлттық өнерді дәріптеген шеберлер көрме ұйымдастырып,
қонақтарға ұсынды.
Күнекей Резуанова, «Нұр ана әлемі» ҚБ мүшесі
Бүгінгі күні бәріміз жиналып Успен ауданының 90 жылдығына келіп отырмыз. Қол
өнер тобынанбыз. Әкелген бұйымдар қазақи бұйымдар ұлттық құндылықтарымзды
Біздің де істеп жатқанымыз адал еңбектің нәтежесі дейміз.
Одан кейін салтанатты құттықтау сәті өтті. Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжинов өңір басшысының хатын
жолдады.
Серік Батырғұжинов, Павлодар облысы
әкімінің бірінші орынбасары
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың атынан баршаңыздың Успен ауданының
90 жылдығымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Мемлекет басшысы ауыл
ұлттық алтын бесігі тағылымды сөзі ел дамуының айқын бағдары. Успен ауданы
облыс экономикасының сенімді тірегіне айналып, қалыптас жолыңда аймақтардың
бірі деп білеміз.
Сондай-ақ салтантты құттықтауда ауданы өміріне сүбелі
үлес қосқан аудан азаматтары марапатталды. Олардың қатарына Қоңырөзек ауылдық округіне
қарасты Дмитревка ауылының тұрғыны, мал дәрігер Абай Сүлеймнов бар. Ол
ветеринария саласында 40 жылдан аса еңбек етіп келеді.
Абай Сүлейменов, Коңырөзек ауылының
тұрғыны
Менің еңбегімді бағаоап, Павлодар облысының әкімі грамота берді. Мен өте
қуаныштымын. Менің еңбегімді бағалап берген грамотасына
Сондай-ақ бөлек алаңдарда спорт жарыстары ұйымдастырылды. Балаларға
арналған ойын нысандары құрылды. Ал
шабандоздар бәйгеде бақтарын сынады. 14 жастағы Данияр Сабабаев ұлттық ат
жарысына алғашқы рет қатысып отыр.
Данияр Сабабаев, Успен ауданының тұрғыны
Бүгін Успен ауданының 90 жылдығына орай бәйе өтіп жатыр. Соған қатысайын деп
жатырмыз. Жылқыны дайындап қатысайын деп жатырмын. Успенді 90 жылдығымен
құттықтаймын. Успенкамыз өсе берсін, дами берсін.
Кейінен Дүбірлі той өнерпаздар
ұйымдастырған мерекелік концертпен жалғасты.
Әйгерім Тоқпанқызы.