Павлодар қаласында дәстүрге айналған «Жасыл кросс-2025» шарасы ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі де қатысты. Осымен 8-ші жыл қатарынан өтіп отырған акция қатысушыларына ол сәттілік тіледі.

«Жасыл кросс» акциясы спорт пен экологияны біріктіретін шара. Қатысушылар қолдарына қап алып, жүгіріп, жол бойындағы қоқыстарды жинады. Акцияның ашылуында өңір басшысы да болды.

 «Жасыл Кросс» экологиялық акциясы Усолка ауданындағы өткелден басталды. Шараға қатысушылар алдын ала тіркеліп, аумақты тазартуға кірісті.

Русана Сулаймонова, «Жасыл Ел» жасағының поф басшысы

Бүгін біз «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және жалпыоблыстық айлық аясында дәстүрлі «Жасыл кросс»шарасы өтіп жатыр. Аталмыш шара осымен 8-ші жыл қатарынан өтіп отыр. Оған жастар да, үлкендеріміз де қатысып отыр. Шараны көпшілік қолдайды, біз үшін бұл керемет. Спортпен шұғылданып, экологияға үлес қосамыз. Айтуға болады.

 «Жасыл кросста» командаларға 20 минуттан уақыт беріледі, кім көп әрі тез қоқыс жинайды сол мәреде. Шараға мектеп оқушыларының немқұрайлы қарамай қатысқаны, қуантты.

Даяна Басмакова, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы

Бүгін біз қоқысты жинап жүрміз. Біз бір уақытта жүгіріп, жолымыздағы қоқысты жинауымыз керек. Бір қапты толырып, тапсырдық. Бізге тағы бір қап берді. Осыны да апарамыз қазір.

Жалпы шараға оқушылар, студенттер, қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлері, яғни қаланың барша тұрғындары қатысты.

Дильшат Қошан, студент

Бізде командада 5 адам болды. кампус үш атынан келдік. Біз сертификатты белсенді қатысқаны үшін алдық. Менің көңіл күйім өте тамаша. Біз мұндай жарыстарға бірінші рет қатысып тұрмыз. Келесі жолы да тағы да қатысуға тырысамыз.

«Жасыл кросс» бұл тек жүгіру емес, бұл әр басқан қадамыңнан қоршаған ортаға пайда тигізетін акцияның ерекше форматы. Көпшіліктің көңілінен шыққаны соншалық, жылда қолға алынады.

Самал Қалиқызы